1104

Филиппиндегі мешітте жарылыс болды

Мұсылмандар жиналған уақытта ғимаратқа біреулер жарылғыш зат лақтырған.
Фотография - Филиппиндегі мешітте жарылыс болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Филиппиннің Минданао аралында орналасқан мешітте жарылыс болды. Оқиға Замбоанга қаласында тіркелді . Белгісіз адам мұсылман рухани көшбасшылары бар кезде ғимаратқа жарылғыш зат лақтырған, деп хабарлайды Today.kz Rappler сайтына сілтеме жасап. 

Теракт нәтижесінде екі адам қайтыс болды, тағы төртеуі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Басқа ақпарат айтылған жоқ. 

Естеріңізге салайық, 27 қаңтарда Филиппиннің оңтүстігіндегі Холо аралында бірден екі жарылыс болды. 20 адам қайтыс болды, 111 адам жараланды. Теракты "Ислам мемлекеті" содырлары мойнына алды. 

ИГИЛ (ДАИШ) - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.