1065

Қырғызстанда банкке барар жолда "Тойға кредит алма!" деген жазу пайда болды

Олар азаматтардың той үшін кредит алатынына алаңдайтынын жеткізді.
Фотография - Қырғызстанда банкке барар жолда "Тойға кредит алма!" деген жазу пайда болды Сурет: kyrtag.kg

Бішкекте банк ғимараттарының алдында "Тойго кредит алба!" атты жазу пайда болды. 11 ақпанға қараған түнде оны асфальтқа белсенді суретшілер жазып қалдырған, деп хабарлайды Today.kz КирТАГ сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл жазулардың көбін әдейі банкке барар жолға жаздық. Банк қызметіне ешқандай қарсылығымыз жоқ. Кредит алуға келген адам біздің месседжімізді көріп ойланса екен", – дейді акцияны ұйымдастырушылар. 

Олар азаматтардың той үшін кредит алатынына алаңдайтынын жеткізді. 

"Адамдар бизнес бастау үшін емес, той жасау үшін кредит алады. Сосын қарызға батып кетеді. Жас жұбайлар кредитті жабу үшін шетелде жұмыс істеуге мәжбүр. Біз, суретшілер, ағаларымыз бен әпкелеріміз той мен жерлеу рәсімін жасау үшін кредит алып, бес жыл бойы қиналып жүргенін көрдік", – дейді ұйымдастырушылар.

Загрузка...