944

Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

Зеленский украиналықтарға ендігі жерде мұқият болуды ескертті.
Фотография - Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады Сурет: politrada.net.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Facebook желісіндегі парақшасында Жоғары Радада болған оқиғадан кейін шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz.

"Қымбатты украиналықтар! Жоғары Рада сайлау заңнамасын өзгерту туралы заң жобасын қолдамады. Ескі саясаткерлер ескі жүйені таңдады, ол өздерінің саяси өмірлерін ұзартуға мүмкіндік береді", – деді ол. 

Зеленский украиналықтарға ендігі жерде мұқият болуды ескертті. 

"Олар ақшаның күшімен тағы да Жоғары Радаға өтеміз деп ойлайды. Бірақ қателесіп отырғандарына сенімдімін. Бай округтардың өзінде де сіздер елді сөзбен емес, іспен өзгертетін жаңа саясаткердерді таңдайсыздар. Солай емес пе? Бірге солай жасайық. 21 маусымда", – деді ол. 

Естеріңізге салайық, Жоғары Рада Зеленскийдің алғашқы заңнамасын қабылдамай тастаған болатын. 

Зеленский 20 мамырда Украина президенті лауазымына кіріскен еді.