868

Қытайда қайық аударылып, 10 адам қаза тапты

Қайық иесі аман қалған.
Фотография - Қытайда қайық аударылып, 10 адам қаза тапты Көрнекі сурет

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйжчоу провинциясындағы Бэйпаньцзян өзенінде қайық аударылды. Салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Today.kz Sina сайтына сілтеме жасап. 

Қайықта 29 адам болған, оның 11-і құтқарылды, оларға дәрігерлер көмек көрсетті. Сегіз адам із-түзсіз жоғалды. 

Қайық иесі де аман қалған. Ол полиция бақылауында. 

Қайғылы оқиғаның неден болғаны айтылмады.