Орынбор облысындағы "Союз" газ құбырыныдағы жарылыстан кейін Қазақстан аумағына газ транзиті тоқтатылды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі хабарлады.
"Бүгін, 23 ақпанда, Илецк ауданындағы федералды магистральдық газ құбырында жарылыс болды. Оқиға орнына құтқарушылар, өңірлік қызметтер, Табиғи ресурстар министрлігінің мамандары, газ саласының мамандары, экологтар барды. Қазір апатты жою жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, газ құбыры "Газпром трансгаз Екатеринбург" ЖШС-не тиесілі.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить