Археологиялық эспедиция мүшелері Ақмола облысы, Сандықтау ауданынан қола дәуірінен қалған 80 белгісіз ескерткішті тапты.
«Казинформ» ақпараты бойынша, аталмыш үлкен олжа археологиялық барлау жұмыстары кезінде анықталды. Ескерткіштер топырақ-тас араластырылып немесе тастан жасалған, ерте темір дәуірі мен Орта ғасырға тиесілі көрінеді. Сарқырама қонысы, Сарқырама мен Жабай бейіттері ұзақ мерзім ішіндегі ерекше археологиялық олжа болды.
Айта кетейік, Сарқырама қонысы – көтеген тұрақ пен бірін-бірі алмастырған бірнеше дәуірден қалған түрлі тарихи-мәдени дәстүрді білдіреді. Жабай бейітінің өзіне тегімен жерленген болып есептелетін 200-ге жуық қорған кіреді. Қазір экспедиция мүшелері қорғандардың ішкі жағын зерттеуге дайындалуда
сурет yugopolis.ru сайтынан