Алматының жолдарымен күніне 700 мыңнан астам көлік жүреді

Фотография - Алматының жолдарымен күніне 700 мыңнан астам көлік жүреді

Құркүйек келісімен Алматы тұрғындары мен қонақтары шаһар көшелерінде көліктердің күрт көбейгенін байқаған болар.

341 0

Құркүйек келісімен Алматы тұрғындары мен қонақтары шаһар көшелерінде көліктердің күрт көбейгенін байқаған болар.

Жазғы демалыстар бітті, жалпы жұрт жұмысқа оралып, жоғары оқу орындары мен мектептерде сабақтар басталды. Қазіргі уақытта қаладағы қалыптасқан жағдай туралы today.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастағының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Мұрталиев баяндап берді. 

Оның сөзіне қарағанда Алматыда 535 390 автокөлік тіркелген. Сонымен бірге шаһарға әр күн сайын жақын маңдағы қалалар мен ауылдардан тағы 200 мың көлік кіреді екен. Статистикалық мәліметтер мегаполис көшелерінде көліктердің көбіне жұмыс күндері көп болатынын көрсетеді. Осылайша Қапшағай, Талғар және Қаскелеңнің төменгі және жоғарғы тас жолдарымен қалаға кіретін автокөлік 7:30 бен 9:30 аралығында өте көп болады. Ал кешкісін керісінше 17:30-дан 20:00-ге дейін көптеген көлік қаладан сырт шығып жатады.  Бұл қалада жұмыс істейтін адамдардың көбі шаһардан тыс тұрып жатқандығымен байланысты.

Сондай-ақ қалалық базарлар орналасқан көшелерде де көліктердің тым көп жүретіндігі байқалады. Ал бағыт бойынша көліктер көбіне шығыстан батысқа қарай көп жылжиды екен. Көлік жиі жүретін көшелер арасында әл-Фараби, Шығыс айналма жолы, Сайын мен Рысқұлов көшелері көш бастап тұр. Одан кейін Райымбек, Абай даңғылдары, Сәтпаев және Шаляпин көшелері.

Бес жұмыс күнінің ішінде дүйсенбіде жол үстінде көлік саны аз байқалады. Бұл сауда ошақтарында дүйсенбі демалыс немесе санитарлық күн болуымен байланысты.

Жаз кезінде жұма күні кешке көлік қаладан сыртқа ағылады. Ал жексенбіде күннің екінші бөлігінде қалаға кіретін көлік саны артады.

«Мен жүргізушілерге ертерек шығып, бір бағытта ғана қатып қалмауына кеңес берер ем. Көлік кептелісін айналып өтуге болады, әсіресе кептеліс пайда болу мүмкіндігі алдын ала ескертілген кезде, мысалы әл-Фараби бойында айналма жолдың салынуы себепті», - дейді Жол полициясы басқармасының орынбасары.

Сонымен қоса ол Алматыда көлік кептелісінің мәселесі белсенді түрде қарастырылып жатқанын айтады.  Айналма жолдар салынуда және бірнеше бағдарлама да дайындалу үстінде. Негізінен қаладан шыға беріс пен кіре беріс тас жолдарды кеңіту бойынша бағдарламалар бар. Мысалы, мұндай жұмыстар Райымбек даңғылында басталып та кетті. Жаяу жүргіншілерге арналған жол үсті және жол асты өткелдері салыып жатыр. Арнайы кері бұрылатын жол бөліктері мен солға бұрылуды шектеу жоспарлануда.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!