Сириядағы қақтығыстардың салдары Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға әсер етуі мүмкін

Фотография - Сириядағы қақтығыстардың салдары Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға әсер етуі мүмкін

Женевада өткен келіссөздер нәтижесінде Ресей мен АҚШ Сириядағы барлық химиялық қаруды жою туралы шешім қабылдады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров алты тармақтан тұратын келісім жасасты

330 0

Женевада өткен келіссөздер нәтижесінде Ресей мен АҚШ Сириядағы барлық химиялық қаруды жою туралы шешім қабылдады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров алты тармақтан тұратын келісім жасасты. Құжатқа сәйкес 2013 жылдың қарашасында Сирияда хмиялық қаруды жоятын халықаралық инспекция бастау алмақ. Қаруды толықтай жою 2014 жылдың ортасына таман аяқталады.

Егер Сирия талаптарды орындамаған жағдайда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жазалау туралы резалюция қабылдауы мүмкін. Лавров пен Керри қабылданған жоспар Сирияға әскери соққыдан қашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстандық сарапшылардың ойынша сириялық қақтығыстар ұлкен бір істің бөлшегі ғана. Саясаттанушы Ақар Нұршаның пайымдауынша бұл қақтығыстар әлдеқашан Сирия аумағынан тыс шығып кеткен. «Сириядағы қақтығыстар Иранның айналасындағы жағдаймен, оның ядролық бағдарламасымен тығыз байланысты. Сондай-ақ ол Таяу Шығыстағы қайшылықты реттеумен, соның ішінде араб және израильдік қарсылыққа байланысты», - дейді сарапшы.

Саясатттанушының сөзіне қарағанда Сирия президенті Башар Аадтың Сирияны қарусыздандырудан басқа амалы қалмады. Бұл Сирияны әскери соққыдан аман алып қалудың жалғыз жолы.

Естеріңізге сала кетейік, Асад ресейлік телеарнаға берген сұқбатында химиялық қаруды халықаралық қадағалауға тапсыратынын айтқан. Ол бұндай шешім АҚШ-тың қорқыту салдарынан емес, Ресейдің бастамасының арқасында мүмкін болды деп айтып өткен.

Мұның алдында АҚШ президенті Барак Обама өз отандастарына американдық әскер Сирияға «органикалық соққы» жасайды деп мәлімдеген болатын. Ал ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Болат Әуелбаевтың айтуынша жақын арада АҚШ Сирияға соққы жасамайды.

«Егер АҚШ пен Израиль Сирияға әуеден соққы жасайтын болса, Сирияның тиімді әуе қорғанысын есепке алған жөн. Ал израильдік және американдық әскер өзінің техникасын жоғалқысы келмейді және шығынды ауыр көтереді, әсіресе адами шығынды», - деп атап өтті сарапшы.

Саясаттанушы Асқар Нұрша да АҚШ-тың Сирияға соққы жасайтынына күмәнді. Оның айтуынша АҚШ-та әскери соққыға жақтастатындар да, оған қарсылар да бар. «Бұл елде оларды теке тіреске шақырды және олар міндетті түрде жауап қайтару керек деп есептейтіндер бар. Сонымен қоса АҚШ қарулы қақтығысқа араласу елдің абыройына және Барак Обаманың әкімшілігіне нұқсан келтіретінін түсінеді», - дейді саясаткер.

Нұрша, көптеген сарапшылардың АҚШ әскери соққыға түрткі болмайды, соғысып жатқан екі жақтың бірін қолдаушы ғана болады деп айтқандарын еске салды. Саясаттанушының айтуынша АҚШ-тың еріксіз араласуы туралы мұндай ойдан шығарылған сценариін де естен шығаруға болмайды.

Әуелбаев Америка гуманитарлық қысым жасамайтынын атап өтті. «АҚШ елдерді бір позицияға шақырып отырған жоқ. АҚШ жалғыз өзі ешқандай әрекетке бармайды», - дейді сарапшы.

Ресейдің өзге елдерді Сириядағы химиялық қарудың халықаралық қадағалауға өткізуді қолдауға шақырғанын айта кету керек. Бұл позицияны әлемнің жетекші мемлекеттері қолдаған болатын, соның ішінде Еуропа елдері, ШЫҰ-ға қатысушы елдер, ішінде Қазақстан да бар.

Соңғы кездері көптеген қазақстандық сарапшылар мен саясаттанушылар сириялық қақтығыстардың Қазақстанға әсер етуіне алаңдаушылық танытуда. Сарапшылардың пікірінше бұл жағдайлардың жалпы Орталық Азияға жанама қаупі бар. Асқар Нұрша сириялық қақтығыстарда діни экстремизм фактілері айтарлықтай орнын алатынын айтады. Сириядағы азаматтық соғысқа қатысу үшін әлемнің әр бұрышынан экстермисттер ағылып келуде.

Саясаттанушының айтуынша, экстермисттердің бұлайша жұмылуы алаңдатарлық жәйт. «Экстремисттер Орталық Азия елдерінің шегарасына жақын маңда кез келген қарулы қақтығыс ұйымдастырмауына кепілдік жоқ», - дейді Нұрша.

Сонымен қоса, БАҚ беттерінде сириялық көтерілісшілер қатарында Ресейдің, Солтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары барын хабарланған болатын.

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, экстремистерден келетін қауіп қатерден елдің ішкі қауіпсіздігін күшейту арқылы сақтануға болады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!