«Joker»: N қаласындағы оқиға

Фотография - «Joker»: N қаласындағы оқиға

Американдық «Город грехов» фильмінің стилінде түсірілген қазақстандық режиссер Талғат Жаныбековтың «Joker» атты туындысы ертеңнен бастан кинотетрларда көрсетіле бастайды.

324 0

Американдық «Город грехов» фильмінің стилінде түсірілген қазақстандық режиссер Талғат Жаныбековтың «Joker» атты туындысы ертеңнен бастан кинотетрларда көрсетіле бастайды.

Туынды жалпы алғанда ессіздеу ертегінің желісіне ұқсайды. Дегенмен алғашқа жарты сағатта адамды таңдандырар дүниелер де бар: Қара-ала бейне, 3D форматықа сұранып тұрған өтпелі кадрлар, жақсы трюктер мен айтарлықтай есті мәтін.

Чина атты басты қаһарманды, киноғадағы алғаш рөлін сомдаған Денис Литуев ойнайды. Ал басты рөлдегі Ника атты қызды Айсұлу Әзімбаева сомдаған. Кадрда Ника көріне салысымен таңырқатар жәйттер басталады. Өйткені адамға түсініксіздеу сөз орамдарын нақ сол Никаның аузынан еститміз.

Фильмнің комикске тән атыс пен шабыс аралас стилін Никаның, қаскүнем адамдары жоқ Исландияға кетіп қалу туралы арманы айтылатын монологы өзге арнаға бұрып тастайды. Осыдан кейін сценарист ессіз ойына ерік бергендей көрінс алады.

«Joker» фильміне сценариді Талғат Жаныбеков өзі жазған. Туындының бірінші көрсетілімінен кейін Жаныбеков журналисттерге сценариді ынталандырғышсыз жазғандығын айтады. Дегенмен фильмдегі монологтар «Алиса в стране чудес» ертегісін еске салады.

– Мне бы тоже хотелось порисовать. У колодца.

– Порисовать и уколоться?

– …начинается на M. Они рисовали мышеловки, месяц, математику, множество… Ты когда-нибудь видела, как рисуют множество?

– Множество чего?

– Ничего. Просто множество!

– Не знаю, может…

– А не знаешь – молчи.

Шамамен осылай.

Оқиғаның мәнді, дұрысын айтсақ мәнсіз салмағы Дили-Дили қарияның еншісінде. Қарияны Ерболат Тоғызақов ойнайды. Оның образы «Ночной дозордағы» Нұржұман Ықтымбаев сомдаған кейіпкерге тән. Ол Сталиннің темекі трубкаларын және Ленонның свитерлерін жинайды. Қария Никамен жанама қатынасқа түсіп, қаннан ДНК-ны шприц пен силиконды түтік көмегімен бөліп алады және тағдырдағы ойықтарды іздейді. Сонымен қоса Дили-Дили қарияның мысығына қойған аты Тарасик Бульба.

Бірақ кейіпкерлер не демегенімен оларда тартымдылық бар. Өйткені кейіпкерлерді сомдаушылар жақсы актерлік ойын көрсеткен.

Ал жалпы «Joker» қазақстандық туындыға ұқсамайды. Тіпті киноға да ұқсамайды. Алайда оны міндетті түрде көру керек – мұндайды сіз әлі көрген жоқсыз.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!