Жоғары оқу орындару оңтайландыру неге әкеледі?

Фотография - Жоғары оқу орындару оңтайландыру неге әкеледі?

Қазір елімізде оқыту үдерісі кемістеу оқу орындары бары белгілі: кейбірінде жатақхана жоқ, тағы бірінің материалды-техникалық базасы білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандартын бұзуда, штаттағы мұғалімдер саны аз немесе оқулықтар, құралдар мен зертханалық жабдықтар жеткіліксіз.

503 0

Қазір елімізде оқыту үдерісі кемістеу оқу орындары бары белгілі: кейбірінде жатақхана жоқ, тағы бірінің материалды-техникалық базасы білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандартын бұзуда, штаттағы мұғалімдер саны аз немесе оқулықтар, құралдар мен зертханалық жабдықтар жеткіліксіз.

ҚР БҒМ наразы болған оқу орындарының сот арқылы лицензиясының қайтарылып, жабылудан аман қалу үшін, өзге оқу орындарымен бірігуге немесе колледж деңгейіне өту ұсынылды. Ал оңтайландырудың ең жеңіл түрі оқу орындарын біріктіру арқылу кеңейту болып есептеледі.

Бірігу нәтижесінде оқу орындарының материалдық, интелектуалдық және инновациялық ресурстары ықпалдасады. «Білім беру туралы» заңның 42-ші бабына сәйкес, ұйымның лицензиясы қайтарылған немесе жабылып қалған жағдайда, студенттер білімін жалғастыру үшін өзге оқу орнына ауыстырылады.

Осылайша, Қазақстанда 2012 жылдың соңына дейін 11 оқу орны 5-ге бірікті. Қарағандыда үш ЖОО,оның ішінде Заманауи гуманитарлық техникалық институт, Орталық Қазақстандық Лингва университеті, «Фемида» Құқықтың академиясының бірігуі нәтижесінде Орталық Қазақстан академиясы пайда болды. Ақтөбелік «Дүние» әлеуметтік-техникалық институты Баишев атындағы университетімен бірікті. Шымкентте 4 ЖОО негізінде 2 оқу орны пайда болды: Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық иновациялық университеті Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті болып бірікті, ал Халықтар достастығының Қазақстандық университеті мен Оңтүстік Қазақстан университеті Халықтар достастығының Қазақстандық инженерлік-педагогикалық университетіне айналды. Оралда Еуразиялық академия Батыс Қазақстандық инженерлік-гуманитарлық университетіне қосылды.

Үстіміздегі жылы ЖОО желісі екі оқу орнына азайды. Осылайша Таразда жекеменшік 3 оқу орны; Тараз техникалық институты, Тараздық инновациялық-гуманитарлық университеті мен Жамбылдық гуманитарлы-техникалық университеті Тараздық аймақтық корпаративті университеті болып бірікті.

«Алайда, менің жеке байқағаным бойынша мұндай үдерістер жеңіл өтіп жатқан жоқ. Біз мұндай оңтайландыру көңілінен шықпаған студенттерден де, оқытушылардан да бірнеше жасырын хаттар алғанбыз. Келісесіз бе, кез келген бірігу қызметті қайта бөлуге, күш пен қаржыны қайта қарастыруға алып келеді, ал мұның өзі қарсылық туғызары сөзсіз.

Мысалы екі ректор, екі декан және өзге жетекшілер екі екіден болған болса, бірігуден кейін олар біреу болып қалмақ. Ал жұмыстан қысқарғандарды қайда жібереміз? Оларды ренжітпей, жаңа оқу орнында қызметке орналастыру қажет. Сол сияқты акционерлерге де өз адмадарын жарғылық капиталымен шешуші орындарға қою маңызды. Ал бұл мәселе бойынша әлі күнге дейін ЖОО иелері шешімге келе алмай жүр. Біркеннен кейін де кім қай командада деген тартыс басталады. Мұның бәрі ойланбай барып оңтайландыратын болсақ айтарықтай даулы мәселе тудырады, сондықтан бұл мәселе бүге-шүгесіне дейін ойлануды қажет етеді.  Өйткені университет дегеніміз ол – бірінші кезекте адамдар», - дейді Алматының жастар саясаты басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.

Университеттердің бірігу оқиғалары Алматыда да бар. Осы жылдың ақпан айында жалпыға жұртқа КУПС атымен белгілі байланыс жолдары университеті мен Қонаев атындағы университет Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университеті болып бірікті. Жаңа университет өкілдерінің сөзіне қарағанда оқу орындарын оңтайландыру кезінде қиындықтар туындаған жоқ.

Бұрынғы Қонаев университетінің қызметін тексерген ҚР БҒМ комиссиясы жалғыз кемшілік ретінде сырттай бөлімнің іштей бөлімнен асып отыруын атаған болатын. Қазір бұл қатынас лицензиялау шарттарына сәйкес төрттен бірге теңестірілді.

«Біз екі университеттің негізінде бір ірі жоғары оқу орнын аштық, оның қазір мықты материалды-техникалық базасы бар. Бізде Алматы бойынша төрт оқу корпусы, 1700 орынға арналған үш жатақханамыз бар. Сонымен қоса өзіміздің зертханалық базамыз бар, біздің оқытушы-профессорлық құрамымыздың 80 пайызы тұрақтанған. Олардың 48% - ғылым докторы, профессорлар, 42% - ылым кандидаттары, доценттер», - дейді оқу орынынң оқу әдістемелік жұмыс бойынша проректоры Марат Надыров.

Аламты қаласының жастар саясаты басқармасының мәліметінше былтырғы жылы тексеріс нәтижесі «Қайнар», «Алатау», Азаматтық авияция академиясы мен Алматының үздіксіз білім беру университеттерінде де қиындықтар туындағанын көрсеткен. Санжар Боқаевтың айтуынша, қазіргі кезде бұл мәселе жылы жабылып тұр, өйткені оқу орнын біріктіру немесе өзге түрде оңтайландыру құрылтайшылар құзыретінде ғана.

Жастар саясаты басқармасының жетекшісі оқу орындарының кеңейтілуі немесе бірігуі оқу-әдістемелік база мен жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешетініне күмәнданады. Осыған мысал ретінде мектеп кезінен белгіді ережені келтіре кетті, қосылғыштардың орны ауысқанмен қосынды өзгермейді.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!