«Инопланетяне ни при чем» фильмі ертеңнен бастап кинотеатрларда көрсетіледі

Фотография - «Инопланетяне ни при чем» фильмі ертеңнен бастап кинотеатрларда көрсетіледі

Бұл Фархат Шариповтың екінші туындысы. Алғашқы «Сказ о розовом зайце» қазақстандық кино әлеміндегі жаңа сәнді бағыттағы жұмыс болған болса, екіншісі түсірілу керек болған соң жасалғандай әсер береді.

425 0

Бұл Фархат Шариповтың екінші туындысы. Алғашқы «Сказ о розовом зайце» қазақстандық кино әлеміндегі жаңа сәнді бағыттағы жұмыс болған болса, екіншісі түсірілу керек болған соң жасалғандай әсер береді.

Жаңа жылдық комедия былтырғы жылы көрсетілуі тиіс болатын. «Инопланетяне ни при чем» фильмі 2012 жылдың желтоқсанында «12.12.12»  атауымен жарыққа шығуы керек еді.

Бұл туынды 2013 жылдың 5-ші желтоқсанына бастап прокатқа шықпақ. Бұл жаңа жылдық кино көрсетілімдерден әлде қайда ерте болғалы тұрғанымен, кино түсірушілердің қателігі емес. Өйткені Шариповтың туындысын «Елки» фильмімен қанша салыстырса да екеуі мүлде екі түрлі.

«Инопланетяне ни при чем» жанр ерекшелігі бойынша бір арнаға тоғысатын бірнеше оқиғалардан өрбиді.

Кейіпкерлерге қысқаша тоқталып өтсек. Максим Акбаровтың ойнауындағы Арчи «Сказ о розовом зайце» филіміндегі Локоға мүлде ұқсамайды, бірақ режиссер бұл кейіпкерді кино соңында сары түсті Porscheге отырғызып, өзіне өзі күлгендей болып көрінді. Сонымен қоса Локодан Арчиге жеңіл есірткіге деген құштарлық та беріліпті.

Ербол Тоғызақов сомдаған аато тұрақ күзетшісін қайта-қайта «шал» деп атайды. Ал Төлепперген Байсақалов пен Фархат Абдыраимов әдеттегідей өздерін ойнап шыққан. Қатал қаржы полицейін сомдаған қайтадан мәжілістегі орнын иеленген депутат Тәңірберді Бердоңғаровты экраннан көру біршама қызық десе де болады.

Бір сөзбен айтқанда, бұл туындыны режиссер түсінушілер мен жеке көрермендері үшін түсіргендей. Бұл жаңа жылдық комедияға ұқсамайды, өйткені мүлде күлкілі емес. Бұл өз өзіңе және шындыққа деген әзіл, кей жерде ол шебер шыққан, ал кей жерлерде олай емес.

Жалпы Фархат Шариповтың әзілі өзіндік ерекше болып келеді, ол бір жағынан кейісті, ал бір жағынан мұңлы. Егер онымен бір толқынға түсе алсаңыз, онда фильмді керекті жағынан көре аласыз. Ал өзге жағдайда көрерменді тек түсінбеушілік пен бірнеше әзіл ғана күтіп тұр. Ал мұнда өзге ғаламшарлықтардың еш қатысы жоқ деген режиссер сөзінде тұрыпты. Туындыдан ешқандайда бөгде ғаламшарлықты көре алмайсыз.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!