Өтіп бара жатқан жылдың әлемдегі маңызды жаңалықтары

Фотография - Өтіп бара жатқан жылдың әлемдегі  маңызды  жаңалықтары

583 0

Путин Жерар Депардьеге Ресей азаматтығын берді

Владимир Путин Жерар Депардьені Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды.

«Ресей Федерациясы Конституциясының 89 бабы, «а» тармағына сәйкес 1948 жылы Францияда туған Депардье Жерар Ксавиенің Ресей Федерациясы азаматтығына қабылдау туралы өтінішін қанағаттандыруды бұйырамын» , - делінген жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, БАҚ Депардьенің Ресей, Черногория немесе Бельгия азаматы болу мүмкіндігін қарастырған. Депардьенің елінен кетуіне себеп болған 2013 жылы француз билігінің елде «байларға арналған салықты» енгізуі. Бұл жүйе бойынша 1 млн еуродан асатын жылдық табысқа 75-пайыздық ставка бойынша салық салынады.


Әзірбайжан Президенті жылдың ең жемқор адамы атанды

Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті жылдың ең жемқор адамы атады.                                                                                                         Мәлім болғандай, «Жыл адамы» сыйлығы 2012 жылы қылмыс және сыбайлас жемқорлық тарихында ерекше орын алған адамға беріледі. Бұл жолы сыйлықтың иегерін 60 журналист пен 15 БАҚ таңдады. Айта кетейік, олар сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мүшелері.                                                                                                                                                                               Аталмыш орталықтың мәліметтеріне қарағанда, биыл Әлиевтің әулеті мемлекеттік келісім-шарттар арқылы телекоммуникация, пайдалы қазбалар, құрылыс және өндіріс сияқты салаларда қомақты сомада кіріс көзін тапқан көптеген фактілері мәлім болған соң И. Әлиев «осы жүлдеге лайық» деп таңдалды.

Австралия өрттен қатты зардап шекті

Австралияның оңтүстігі мен шығысында орман өртеніді. Тілсіз жаудан Виктория штатының бірнеше қалалары зардап шекті.

Жалын 25 мың гектар аумақты шарпыған. Халық  үйлерін тастап жаппай көшуге мәжбүр болды.  Қазір қызыл жалынды ауыздықтауға мыңдаған өрт сөндірушінің де дәрмені жете алмады. Отты сөндіруге  құрғақ климат, аптап ыстық кедергі келтірді. Ал сынап бағаналары кейбір аймақта + 40 ⁰С төмендемеді. Жергілікті билік табиғаттың қатаң мінезіне төтеп беру амалдарын қарастырды.

АҚШ үкіміті Сноуденді сотқа берді      

АҚШ үкіметі Эдвард Сноуденге "тыңшылық жасады" деген айып тағып, Гонконгтан оны ұстап беруді сұратты. АҚШ үкіметі айыптау құжаттарын Вирджиния штатының федералды сотына 21 маусымда түсірген. Сноуденге "мемлекеттік меншікті ұрлады, ұлттық қорғаныс ақпараттарын рұқсатсыз бөгде адамдарға таратты" деген айыптар тағылған. Бұл айыптардың әрқайсысы бойынша 10 жыл түрме жазасы қарастырылған.

Эдвард Сноуден - АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің келісім-шарт негізіндегі қызметкері. Ол АҚШ-тың азаматтардың телефон байланыстары мен интернет мәліметтерін бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған.

Сноуденді Ұлыбританияның барлау агенттігі де іздестіріді. Ол агенттіктің ресми рұқсатсыз байланыс құралдары мен интернет арқылы адамдарды бақылағанын мәлімдеген еді.

Сноуден жариялаған ақпараттар бойынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі де интернеттегі электронды пошталарға кіріп, хаттарды оқиды, Facebook, Google компаниясының интернет қолданушыларының жеке бас мәліметтерін жинайды. Телефон әңгімелерін тыңдайды.

АҚШ президенті Барак Обама ол бағдарламалардың террорлық әрекеттердің алдын-алуға қажет екенін айтты. Оның мәлімдемесіне қарағанда, арнайы қызметтердің әрекеттері АҚШ азаматтарының жеке өмір құпиясына қол сұқпайды. Бұл бағдарламаларды сынайтындар арнайы қызметтердің бақылау тәсілдері америкалықтардың жеке өмір құпиясына деген конституциялық құқықтарын бұзатынын айтады.

Түркия "Әл-Каидаға" қарулы соққы берді

Түркия әскері Сириядағы "Әл-Каида" жауынгерлеріне соққы берді. Хабарламада айтылғандай, шабуыл Сириядағы жиһадшылар шоғырланған нысандарға жасалған. Басты себеп - Түркияның Килис қаласы маңында болған жарылысы. Жарылған снарядтар "Әл-Каида" ұйымының жақтастарына тиесілі дейді ел билігі. Түркия бүгінде Сирия аумағында көтеріліс ұйымдастырып жүрген жауынгерлерді жат діннің жетегінде кеткендер екендігін мойындады. Сондай-ақ, "Әл-Каида" ұйымынан келетін қауіпті де жоққа шығармайды.

Олимпиада алауын ғарышқа апарды

10 қараша екі орыс ғарышкері олимпиада алауын ашық ғарыш кеңістігіне алып шықты. Оларды Ресей телеарналары көрсетті. Онда космонавт Олег Котов отсыз факелді ұстап тұр, екінші ғарышкер Сергей Рязанский тарихи оқиғаны камераға түсірген.

Факелді ғарышқа жеткізген Ресейдің "Союз" зымыраны Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан 7 қараша күні ұшқан.

Ғарышқа жеткен факел қауіпсіздік мақсатында тұтатылмады. Алау Жерге дүйсенбі, 11 қараша күні қайта оралды. Олимпиада алауы 2014 жылы 7 ақпанда Ресейдің Сочи қаласына жеткенше жер бетімен 65 мың километр жүріп өтуі керек.

Қасиетті Қағбаның кілті ауыстырылды

Мекке шаһарында қасиетті Қағбаның кілтін ауыстыру және тазалау рәсімі өтті. Айтулы шараға мұсылман елдерінен келген қадірлі қонақтар да қатысты.

Осынау салтанатты шарада қала уәлиі Халид Фейсал қасиетті Қағбаның кілтін оның шырақшысы Абдул Гадир Шейбиеге тапсырды. Айта кетерлігі, ауыстырылған кілт таза алтыннан құйылған. Онда «Имран» сүресінің 96 аяты және «Маида» сүресінің 97 аяты  жазылған.

Қасиетті Қағба киелі Зәм-зәм суымен және Ираннан жеткізілетін қызғылт сумен (гюлаб) жылына екі мәрте жуылады. Аталмыш шара Сауд Арабиясының королі Абдолла ІІ қатысуымен өтті.

Ресейдің Челябі облысына метеорит құлап, 800-ге жуық адам зардап шекті   

Ресейдің Челябі облысына метеорит құлады. Мамандар мұны жер шарының қасынан өткен алып кометамен байланыстырып отыр. Аспан денесі ұшып өткен соң төбеден отты тас жауыпты.

Жапа шеккендер жүздеп саналады. Ал жарылыс толқынынан ғимараттарға айтарлықтай зақым келген. Мәселен, Челябідегі мырыш зауытының төбесіне метеориттің бөлігі түсіп, опырылып қалған. Ғимарат ішінде сол бойда өрт шығып, төрт жұмысшы жараланды. Өңірдегі мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар үйлеріне таратылды. Ауруханаға түскен 800-ге жуық адамның барлығы дерлік басынан жарақат алып, денелерін әйнек кесіп кеткен. Метеориттің ең үлкені Шұбаркөл қаласынан бір шақырым жерге түсіпті. Аспан денесінің құлауы астрономдарды таң қалдырып отыр. Себебі күнделікті зерттеу жүргізіп жүрген олар тосын құбылыстың бүгін боларын мүлдем күтпеген. Алкөрші ресейліктерден бұрын бұл метеоритті еліміздің бірқатар облыстарының тұрғындары байқапты. Таңсәріде Қостанай облысының Меңдіқара ауданы үстінен өтіп, солтүстікке қарай Түмен, Қорған, Свердловск арқылы Челябіге жеткен. Әуеден құлап келе жатқан от жалынды Ақтөбе, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облысы тұрғындары да аңғарған. Тіпті ақтөбеліктер «ұшақ құлады» екен деп төтенше жағдайлар қызметін тікесінен тік тұрғызды. Құтқарушылар тұрғындар айтқан Мәртөк және Қарғалы аудандарын барлап шығып, ештеңе таппады.

ОАР-дың бұрынғы Президенті Нельсон Мандела дүниеден озды

«Нәсілдікке бөліп-жаруға қарсы және бейбітшілік пен адам құқығы үшін күрескен Нобель сыйлығының иегері Нельсон Мандела өмірден озды. Аңыз адам еді. Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Нельсон Манделаны «әлемдегі көптеген адамдарды рухтандырып, әділдікті көздеген алып тұлға» деп атады.

Украйнадағы үкіметке наразылық      

22 қарашаға қараған түні Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңына мыңға тарта адам жиналып, үкіметтің Еуропа одағымен ассоциация туралы келісім жасасудан бас тартқанына наразылық білдірді.Бұл наразылық  «Евромайдан» деген атақ алды .


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!