Доп теуіп жүр «Төлен», «Дидар» айтып жүр өлең...!

Мақалалар
1980
«Дауысы емес, ауызы барлар ән айтып жүр» деп, біраз мақаланың шаңын қақтық. Абай: «Ән көңілдің ажары» деген. Ол ажар ендігі келбетсіз қалды.

«Дауысы емес, ауызы барлар ән айтып жүр» деп, біраз мақаланың шаңын қақтық. Абай: «Ән көңілдің ажары» деген. Ол ажар ендігі келбетсіз қалды. Келбетіне, сұлулығына да дақ  түсірген өзіміз. Ән айту емес, әнші болу басты мақсат болды. Ал, әнші болу үшін ән айта білу керек. Біз айта алмаймыз, бірақ әншіміз. Қызық ә...

Кез келген елдің мәдениеті мен әдебиеті сол елдің қандай екенін, ол елдегі саяси – экономикалық тұғырдың қай деңгейде дамып, қай жерде сүрініп жатқаны жайында ақпарат беруші болып табылады. Өйткені, адамзат баласының ойлау қабілетінің ең бірінші сатысы бірден есеп шығару немесе тәжірибеден жасап көру емес, алдымен идея, алдымен санада белгілі бір ойлау объектісін қалыптастырып алу. Содан кейін барып адамның ісі жүзеге аспақ. Ендеше, сол идея, сол ойлаудың объектісін жасаушы – әдебиет. Яғни, бұл сөз өнері деген дүние өте ұлы. Оған бәз біреулердің келіп қол салуы оңай дүние емес еді...

Жалпы біздің БАҚ мықты. Дегенмен,  кейде тым асырып жібереді, әлде халыққа сол керек пе білмедім, бірақ тақырып қоюдан да оны өрбіте жазудан да алдына жан салмай келеді. Жарады! Жазсын! Алайда,  не жазу керек не жазбау керек дейтін қағиданы да ескеру керек қой.

Әнші апамыз Меруерт Түсіпбаева «Менің еркектерім» дейтін кітап жазып жатыр дейді. Ал, аяғы шаршаған Самат ағамыз енді қолын да шаршатайын деді-ау деймін, ғұмырнама жазып жатыр мыс. Мә, саған тақырып, мә, саған жаңалық! Журналистерге бұл қызық. Саналы түрде алып қарасақ түкте қызық емес. Тіпті ұят! Апамыз жазсын, ол да бір өнері шығар. Бірақ, сонша жар салуына кім кінәлі? Мен кітап жазып жатырмын, келіп жазыңдар деді ме екен, әлде тілшілеріміз басқа бір сұхбатпен барып мына сұхбатты құрастырды ма екен?! Ол жағы белгісіз.

Қазақта «аяғын аспаннан келтірді» дейтін сөз бар. Доп деген бәлені көрсек аяғымыз істемей аспаннан келіп қала береді. Оған себеп іздеудің өзі біртүрлі. Сол аяқты басқарып жүрген Самат ағам да кітап жазып жатыр. Айналайындар, сендерге бұл ән не доп емес! Бұл Бұқардан, бұл Абайдан қалған қазақтың өнері – сөз! Оның киесі тым биікте. Ғұмырнама жазу үстінде жүрсе жазсын. Жеке адамның басына қол сұғып, оны даттаудан аулақпын. Тек айтарым,  тыныш әрі дыбыссыз жазсақ! Кейін, қолға тиіп жатса оқырмыз.

Ал, біздің жазушылар не істеп жүр? Олар қайда? Олар бар екен. Төлен атамыз, «Парасат майданы» дейтін майданда доп теуіп жүр екен де, Дидар дейтін ағамыз «Гүлдер мен кітаптар»  әнін орындап жүр екен. Дәл бүгінгі күні  «мен мына кітапты жазып жатырмын, мен ғұмырнама бастадым» деген әлі бір жазушының әңгімесін естімедім. Дидахмет Әшімханұлының бір сөзі бар еді: «жазушыға үлкен сабырлық керек» деген. Нағыз жазушы сабырлық пен сөздің мәйегін кетірмей мың ойланып, мың толғанып барып өнерін паш етеді. Біздің қос «жазушымызға» сабырлық жетіспеді-ау...

Айтқым келіп отырғаны, ағайын, көрінген нәрсені жаңалық қылудың не керегі бар. Өзі мәні жоқ қоғамда күн кешіп жүрміз, одан сайын мәнін кетіріп не істейміз. Қазақтың іргесі бекіген жоқ. Шекара бекісі де... бізге рухани күш жетіспей жүрген кезде енді әншілер мен доп тебетіндер кітап жазып жатыр. Неткен ғаламат! Мына қазақ он кеменің құйрығын ұстаса да суға кетпейді екен деп сырттан көп көздер таң қалатын шығар, бірақ бір қолыңмен бір кеменің жиегіне де шыға алмайсың, қос қолың болмаса. Ойлан! Құдай мың талант бермейді, бір талант береді. Бірақ, мың талап береді. Талантты талапты түрде тежеу керек. Оны бағу керек, асырау керек. Қысқасын айтқанда, құдай әнші болуды жазса дауыстың ырғағын кетірмей, доп тебуді жазса аяқтың алысын тарылтпай, жазушы болуды жазса сөздің қасиетін бұзбаған жөн.

Менің бір досым бар еді, не жазушы емес, не дауысы жоқ, не доп тебе де алмайды. Бірақ, бір апта болды кітап жазамын деп жар салып жүр. Енді не істейміз...?!

Марғұлан Ақан

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить