Еуро Одақ Түркияға € 3 млрд. төлейтін болды

Фотография - Еуро Одақ Түркияға € 3  млрд. төлейтін болды

Британия, Франция және Германия мемлекеттері шамамен 410 млн, 386 млн және 534 млн еуро қаржы құятын болады.

279 0

Түрік елінің босқындарды үлкен көлемде қабылдауына байланысты Еуропа мемлекеттерінің басшылары қаржылай көмек көрсететін болып келісті. Осы арқылы олар Еуропаға ағылған босқындар легін аз да азайтудан дәмелі. Еуро Одаққа мүше мемлекеттер саммитінде Анкараға €3 млрд еуро көлемінде қаржы бөліп, басқа да талаптарды орындауға шешім қабылданды. Дәлірек айтқанда, түрік азаматтарының виза жүйесін жеңілдету жайы мен Түркия мемлекетінің еуро Одақ құрамына кіру жайлы келіссөздер қайта қозғалмақ.

Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск Түркия мемлекетінің босқындар легін тосқауыл болатынын айтып, "екі жаққа да пайдалы шешім" екенін жеткізді.

Еурокомиссия түрік еліне уәде етілген 3 млрд еуроның 2,5 млрд-ын одаққа мүше мемлекеттердің төлеуін ұсынды. Ал, қалғаны 500 млн қаржы Еуро Одақ қазынасынан бөлінетін болады. Нәтижесінде, Британия, Франция және Германия мемлекеттері шамамен 410 млн, 386 млн және 534 млн еуро қаржы құятын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!