Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің 9,7 млрд. теңгесін қорғап қалды

Фотография - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің 9,7 млрд. теңгесін қорғап қалды

ҚР ҰКП кәсіпкерлерден бизнесті қорғау бағыты бойынша 2013 жылдан бері шамамен 9600 арыз келіп түскен.

390 0

2015 жылы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің 9 млрд. 732 млн. теңгесін қорғап қалды. Бұл туралы бүгін ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлім етті.

"Екі жылда бұл сома 18 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл - тек тікелей зардаптар. Біз соның кесірінен зая кеткен уақытты, түспей қалған пайданы айтып отырғанымыз жоқ. Бұл біз бизнес үшін сақтап қала алған нақты сандар ғана", - деп атап өтті Р.Жүрсінов.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР ҰКП кәсіпкерлерден бизнесті қорғау бағыты бойынша 2013 жылдан бері шамамен 9600 арыз келіп түскен.

"Оның ішінде 2 мың арыз Астана қаласына тиесілі. 2015 жылы 4800 шағым түскен. Олардың 1 мыңы орталық аппаратқа жолданған. 41 пайызы оң шешімін тапты", - дейді ол. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!