Сәуірге дейін 209 мың га дәнді дақылдар егілді

Фотография - Сәуірге дейін 209 мың га дәнді дақылдар егілді

2016 жылы минералды тыңайтқыштармен гербицидтердің құнын арзандатуға 26,3 млрд. теңге жұмсалады деп күтілуде.

468 0

Биыл оңтүстік аймақтарында сәуірайына дейін дәнді дақылдарды себу 209 мың га алқапты құрады. Еліміз бойынша ауылшаруашылығы дақылдарын 21,6 млн. гаалқапқа егу жоспарлануда. Оның ішінде дәнді дақылдар 15,2 млн. га, майлыдақылдар – 1,9 млн. га, мал азықтық дақылдар – 4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдарымен картоп – 411 мың га алқапта егілетін болады, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  

Айта кететіні, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктер және "Казагро" холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шаруаларға 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлініп отыр.
2016 жылы минералды тыңайтқыштармен гербицидтердің құнын арзандатуға 26,3 млрд. теңге жұмсалады деп күтілуде. Бұл қаржы 291 мың тонна минералды тыңайтқыштарды және 12,6 млн. литр гербицидтерді жеткізуді қамтамасыз етугемүмкіндік бермек. Сонымен қоса, аса зиянды организмдермен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге қарастырылған.
Бұдан басқа өсімдік шаруашылығы саласын қаржыландыруға барлық бағыттар бойынша 34,8 млрд. теңге бөлінеді. Ал ҚР ЭМ мәліметіне сай көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизель отынына деген сұраныс 367 мың тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар, сәуір айына дейін Қазақстан 6,5 млн. тоннаастықты экспортқа шығарып үлгерген. Бұл меже өткен маусыммен салыстырған 33%-ғажоғары екен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!