946

Бразилияда 120 баспана жанып кетті

Абырой болғанда, құрбандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ
Фотография - Бразилияда 120 баспана жанып кетті

Бразилиядағы Сан-Паулу қаласындағы негізінен лашықтар орналасқан ауданда алапат өрт шықты. Абырой болғанда, құрбандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен тілсіз жаудың кесірінен 120 баспана күлге айналған. Мың шаршы метрді шарпыған жалын әрең өшірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қасақана қойылған. Полиция бұл іске қатысты күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп жазды 24.kz.

Загрузка...