Астанада жоғалған ҚазМЗУ түлегі Қарағандыдағы жалдамалы пәтерден табылды

Фотография - Астанада жоғалған ҚазМЗУ түлегі Қарағандыдағы жалдамалы пәтерден табылды

Фото: instagram/@v_astane

Астана ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Бақтияр Жаманғараев ешқандай жазаға тартылмайды.

330 0

Астанада белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ҚазМЗУ студенті Қарағандыда жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлайды Today.kz  Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тамыздың жиырмасы күні шамамен 15:00 кезінде Астана ІІД жедел уәкілдерінің іздеу шарасы арқасында Бақтияр Жаманғараевтың қайда екені анықталды. Ол Қарағандыда пәтер жалдап жатқан. Аман-есен. Қазір туғандарының қасында»,-деп хабарлайды Астана  ІІД баспасөз қызметі.

Атап өтейік, бұл жас жігітті іздеу шараларына құқық қорғау органдарының барлық қызметтері тартылды. Баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, Бақтияр Жаманғараев ешқандай жазаға тартылмайды. Өйткені, ол кәметелеттік жаста, сондықтан ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емес.

Естеріңізге сала кетейік, Бақтияр Жаманғараевтың табылғаны туралы ақпаратты оның досы хабарлады. ҚазМЗУ түлегі белгісіз жағдайда тамыздың 12 күні жоғалып кеткен. Оның  жоғалғаны туралы хабарландыру Instagramға шықты. Бақтияр Жаманғараевты 200-дей ерікті іздеген еді. 13 тамыз күні оның көлігі табылып, полиция оның ломбардта кепілге қойылғанын және Бақтиярдың букмекерлік кеңседе жиі бәс тігетінін анықтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!