Алматылық фанат жігіт үйін "The Beatles" тобының суреттерімен сәндеді

Мақалалар
3282
"Менің жастық шағымның сәнін келтірген – Битлздың әндері. Қазір Битлздың әндерінсіз өмірімді елестете алмаймын", – дейді ол.

Бүгін "Yesterday", "Yellow Submarine", "Let It Be" сынды әндерімен әлемдік музыкаға төңкеріс әкелген "The Beatles" тобының мерекесі. Өйткені 2001 жылдан бері ЮНЕСКОның шешімімен 16 қаңтар – Халықаралық "The Beatles күні" ретінде аталып өтеді.

Әлемнің кез келген бұрышында ливерпульдық төрттіктің фанаттары жетерлік. Солардың бірі – алматылық Ильхам Аюпов. 

"Менің жастық шағымның сәнін келтірген – Битлздың әндері. Қазір Битлздың әндерінсіз өмірімді елестете алмаймын", – дейді ол. Оның футболкасынан бастап белдігіне дейін Битлз бейнеленген. Тіпті, үйінің қабырғасына да Битлздың суреттерін арнайы салдыртқан.

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

"Мен бұл суреттерді кездейсоқ таңдаған жоқпын. Әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Кезінде "The Beatles" "Yellow Submarine" деген атаумен концерт өткізді. Бұл менің жақсы көретін концерттерімнің бірі. Ал квадраттың ішіндегі  "The Beatles" "Let It Be" концертіндегі сурет. Айтпақшы, бұл олардың соңғы концерттері болды. Сондықтан осы суретті салдырдым", – дейді ол. 

Кейіпкеріміз битломан Ильхам Аюпов The Beatles тобының тұтас тарихын біледі екен. Today.kz оқырмандарына топ туралы қызықты деректер ұсынуын сұрап көрдік. 

– "The Beatles" қара жұмысшылардан құрылған топ. Олар 7 жылдың ішінде 211 ән жазып, 13 альбом шығарды. Олардың әрқайсысы әлемдік хитке айналды.

– Алғашында "The Beatles" "Cavern" деп аталатын жертөледе ән айтып жүрген. Аталған топтың менеджері Брайн Эпстайнның дүкені болған екен. Дүкеннен Битлздың үнтаспасын іздеп келушілердің саны күн санап артқан соң төрт жігітті іздей бастайды. Тауып, әнін тыңдаған соң Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон мен Ринго Старрды радиоға ертіп апарады. "Мен сендерді танымал қылғым келеді. Радиода ән айтыңдар. Ол үшін шаш үлгілеріңді ретке келтірсеңдер жеткілікті" деген көрінеді. Осыдан кейін топ мүшелері образдарын ретке келтіріп, алғашқы концерттеріне классикалық үлгіде киініп шыққан екен. 

Фото -

– Топтың ерекше стильдегі музыкасына үнді мәдениеті әсер еткен екен.

– "The Beatles" 50 ұлы орындаушы тізімінде көш бастап тұр. Топ 10 рет Грэмми сыйлығын жеңіп алған. Ал "Let it Be" фильміндегі музыка үшін "Оскар" премиясына ие болды.

Автор: Тойгүл Нұржанқызы

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить