Сапарәлі Селтанов: Құдайдың алдында да, адамның алдында да тазамын!

Мақалалар
12195
Селтанов деген кім?

Зорлық көрген болуы мүмкін шымкенттік жеті жастағы баланың оқиғасы ел арасына таралғалы Сапарәлі Селтановтың есімі қатар аталатын болды. Today.kz "Селтанов деген кім? Оның зорланған болуы мүмкін шымкенттік бала мен Зағипа Балиеваға қатысы қандай?" деген сұрақтарды Сапарәлі Селтановтың өзіне қойып көрді. 

"Менің туған келінім сол мектептің директоры. Жоғары білімді, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген. Мен райкомды басқарып жүргенде Амангелді Батырбеков деген журналист екі рет депутаттық сайлауға түсіп, екеуінде де өте алмай қалды. Кім сайлаудан жеңілсе, соның жағына шығып, маған қарсы түрлі іс-әрекет жасаумен айналысып келеді. Мен 2010 жылы зейнетке шыққан адаммын, қазір жасым жетпісте. Кейін аудан әкімінің кеңесшісі болып бір жыл отырдым. Менің Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы болғаным Батырбековке жақпады. Бізбен 5 рет соттасып, үшеуінде жеңіліп, екеуінде қашып кеткен. Өзі бір жыл түрмеде отырып келді. Сонда да қоймайды. Мен оны мойындаған адам емеспін", – деді Селтанов.  

Сапарәлі Селтанов баланы зорлаған болуы мүмкін делінген балалардың арасында өзінің баласы да, немересі де жоқ екенін айтты. 

"Зорланды делінген жеті жастағы бала Жәнібеков атындағы орта мектептің шәкірті. Ол балалардың арасында менің балам жоқ! Селтановтың баласы бар деген өтірік ақпарат. Бұл жерде екі бала болған, екі баланың біреуінің әкесі кеше осыған шыдай алмай инсульт алды да, өліп қалды. Жетінші сыныптың балаларының бәрі қазір тергеліп жатыр. Ол балалар бұны істеді ме, істемеді ме, әлі ештеңе анықталған жоқ. Анықталған жағдайда да бұл мектептің ішінде болған оқиға емес. Менің келінім сондай жуас адам. Қазір оны да, Жәнібеков атындағы мектептің директорын да іс біткенше қызметтерінен уақытша шеттетіп қойды", – деді Селтанов.  

Селтанов ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваны сыйлайтынын, бірақ сөйлесіп көрмегенін айтты.  

"Зағипа Балиевамен сөйлескен адам емеспін. Балиевамен ешқашан бірге жұмыс істеген жоқпын.  Ол Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы болды, ал мен Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы болдым. Содан шығып отырған далбаса әңгіме бұл. Алланың алдында арым да, жүрегім де таза. Менің де ана балаға (жеті жастағы зорланды делінген бала, – ред.) жаным ашиды", – деді ол.

Сапарәлі Селтанов өзінің бұл істе таза екенін қадап айтты. 

"2014 жылы Президент Назарбаев маған "Құрмет" орденін берді. Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматымын. Осының бәрі іштерін тарылтып, көре алмаушылыққа әкеліп жатыр. Құдайдың алдында да, адамның алдында да тазамын! Бес ұл, бір қызым бар. Бес ұлымның біреуі жаңағы директордың күйеуі. Екінші балам полициядан отставкаға шықты, подполковник. Үшінші балам мектептің директоры болған. Бесінші балам қолымда. Балаларымның бәрі мектепті "Алтын белгімен", жоғары оқу орнын "Қызыл дипломмен" бітірген. Қызым кеше докторлық қорғады. Өзім жетімдер үйінің тәрбиеленушісімін, әке-шешеден бес жасымда қалдым", – деді Селтанов. 

Шымкенттік жеті жастағы баланың оқиғасы

ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді

Кейін омбудсмен баланың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді

Today.kz шымкенттік баланың өзімен де сөйлесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептерде болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Зағипа Балиева әлеуметтік желіге таралған шымкенттік бала мен әжесінің видеосына қатысты пікір білдірді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить