Өрт шыққанда бірінші қандай әрекет жасау керек

Мақалалар
3018
Today.kz нұсқаулықты ықшамдап жариялауды жөн көріп отыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар комитеті жарылыс немесе өрт болған кезде алдымен не істеу керектігі жөнінде нұсқаулық ұсынды. Today.kz нұсқаулықты ықшамдап жариялауды жөн көріп отыр.

Жарылыс қаупі кезінде

Қауіпті затқа жақындамаңыз, оны ұстамаңыз;

Бөлмедегі және көшедегі қауіпті жерлерден тез арада кетіңіз;

Айналадағыларға қауіп туралы ескертіңіз;

Жарылыс сөзсіз болатынын сезінсеңіз, жерге жатыңыз және басыңызды қолыңызбен басыңыз. 

Көршілес ғимараттағы (бөлмедегі) жарылыс кезінде

Полицияға жарылыс туралы хабарлаңыз;

Эвакуация кезінде құжаттарыңызды және бірінші кезектегі қажет заттарды алыңыз;

Бүлінген конструкциялар мен жалаңаш сымдарды ұстамай, ақырын қозғалыңыз;

Келіп жеткен лауазымды тұлғалардың нұсқауларына сәйкес қимылдаңыз. 

Үйінді астында қалғанда

Жарақатыңызды байқап, өзіңіз қолдан келген көмек жасауға тырысыңыз;

Жылы киініңіз. Бастырылған аяғыңызды ысқылаңыз;

Етбетіңізбен жатыңыз, кеудеңізге қысым салмаңыз;

Дауыстап немесе тарсылдатып құтқарушыларды шақырыңыз;

Үйіндіні нығайтыңыз (конструкция астына тіреуіш қоюға тырысыңыз).

Ғимараттағы өрт кезінде

Қауіп төнген орынды анықтап, өрт сөндірушілерді шақырыңыз. Өрт сөндіргіштерді қолданыңыз;

Өртке қарсы тұсқа қарай қозғалыңыз. Түтін таралмаған баспалдақтармен қозғалыңыз;

Түтінге оранған жерде дымқыл бет орамал немесе  шүберек арқылы дем алып, шығар есікке қарай еңкейіп немесе жерді еңбектеп жылжыңыз;

Түтін кірмес үшін желдеткіш саңылаулары мен есіктерді дымқыл көрпемен немесе төсек жаймамен жауып, есіктегі жарықтарды бітеңіз. Биік ғимараттағы өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз.

Мына нөмірлерді жатқа біліңіз, балаңызға да жаттатып қойыңыз:

  • Өрт сөндіруші – 101
  • Полиция – 102
  • Жедел жәрдем – 103
  • Газ апатынан құтқару қызметі – 104
  • Құтқару қызметі – 109
Қосымша ақпарат
- Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
- Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз.
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить