3519

Халықтың жағдайы бұрынғымен салыстыруға келмейтін дәрежеде жоғары – Тілеухан

Депутат өз пікірін Facebook желісіндегі парақшасына жазған.
Фотография - Халықтың жағдайы бұрынғымен салыстыруға келмейтін дәрежеде жоғары – Тілеухан Сурет ашық дереккөзден алынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның халықтың әлеуметтік жағдайы туралы пікірін әлеуметтік желі қолданушылары талқылап жатыр, деп хабарлайды Today.kz.

Депутаттың пікірі Facebook желісіне жарияланған. 

"Қазір халықтың жағдайы бұрынғымен салыстыруға келмейтін дәрежеде жоғары. Баспананың қолжетімді бола түсуі, білім алу мүмкіндігінің артуы және салық төлеудегі жеңілдікті үлкен әлеуметтік жаңғыру деуге болады. Мұның барлығы ел ішіндегі ауызбіршілік пен тұратылықтың арқасында болып отыр. Өйткені әлемнің түкпір-түкпірінде соғыс оты өршіп жатқан заманда және дағдарыс салдарынан кей елдер әлеуметтік көмегін қысқартып жатқан кезеңде Қазақстан батыл қадамдармен алға жылжып келеді. Сондықтан осы құндылығымызды ерекше бағалап, оның ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне ел болып атсалысуымыз керек", – деді депутат. 

Бекболат Тілеухан ендігі міндет – ел бірлігін сақтап қалу екенін айтқан. 

"Былай айтқанда жағдайымыз жақсы, халықтың әлеуметтік жағдайы бұрынғымен салыстыруға келмейтін дәрежеде жоғары. Енді еліміздің бірлігін сақтауымыз керек, Президенттің де айтып отырғаны осы", – деп қорытқан сөзін Бекболат Тілеухан.