956

Аудармашы мен филология мамандықтары мен дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану заманында аудармашы мен филолог мамандықтары ерекше сұранысқа ие.
Фотография - Аудармашы мен филология мамандықтары мен дамудың жаңа мүмкіндіктері Көрнекі сурет

Қазіргі жаһандану заманында аудармашы мен филолог мамандықтары ерекше сұранысқа ие. Әу бастан-ақ аударма жұмыстары маңызды әлеуметтік қызмет атқарып, жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір-бірімен байланыстырған. Жазбаша аударманың таралуы басқа халықтардың мәдениетімен танысуға үлкен жол ашады. Шет тілін білу әлемдік шығармаларды оқуға мүмкіндік береді, бірақ кез келген адам шет тілін кәсіби тұрғыда оңай меңгеріп кете алмайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология мен әлем тілдері факультетінің Шет тілі мен аударма ісі кафедрасы кәсіби коммуникация саласында аудармашылар мен филологтар дайындау ісімен айналысады.

"Аударма ісі" мен "Шетел филологиясы" мамандықтары бойынша оқу дисциплинасы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды әлемдік және қазақстандық аударма ғылымымен және шетел филологиясымен таныстырады. Аударманың ғылыми мәселелері мен әлемдегі жетекші аударма мектептерінің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Канада, т.б.) концепциясын білетін адам қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, түрік тілдеріне аудару процесін негіздеп, қорытындысын сараптай алатын мүмкіндікке ие болады. Курс бағдарламасы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды теориялық тұрғыда негіздеп, практика жүзінде аударма және коммуникативті тапсырмаларды орындау тәсілін меңгеруге үйретеді. Кәсіби курстар студенттердің аударма және филология мамандықтарына қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.

Сейденова Сәуле Жүсіпқызы,

Филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті.