924

Қазақстанда жыл басынан бері алпыстан астам адам суға кеткен

Адамдар өз әлін білмейді, балаларын қараусыз қалдырады, кейде мас күйінде суға қойып кетеді.
Фотография - Қазақстанда жыл басынан бері алпыстан астам адам суға кеткен

Өткен күні Қазақстанда он бір адам суға батып кетті, оның сегізі бала. Жылдың басынан бері алпыс адамның ажалы судан келген. Бұл өлім құтқарушылар жоқ суда болған. Адамдар өз әлін білмейді, балаларын қараусыз қалдырады, кейде мас күйінде суға қойып кетеді. Today.kz редакциясы өткен жазда қанша адам суға кетіп қайтыс болғанын анықтап көрді. 

ҚР ІІМ ТЖК ақпаратына сәйкес 2018 жылдың 25 маусымына дейін жыл басынан бері ел бойынша 66 адам қайтыс болған, оның 28-і бала. Суға жүзу маусымы ашылған сәттен бастап 40 адам суға батқан, оның 17-сі бала. 

Алматы облысында өткен жылы 18 адам суға кеткен, оның 10-ы бала. 2018 жылдың басынан бері 12 адам суға кетіп қайтыс болды, оның бесеуі бала. 

Екінші орында Түркістан облысы. 2017 жылы аймақта 14 адам суға кеткен, оның тоғызы бала. 2018 жылы 10 адам қайтыс болды, оның жетеуі бала.

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 13 адам қайтыс болған, оның екеуі бала. 2018 жылы тоғыз адам су құрбаны болған, оның екеуі бала.

Жамбыл облысында 2017 жылы төрт ересек және тоғыз бала суға батса, 2018 жылы үш ересек, төрт бала судан тірі шықпады.

Дәл осы төрт аймақта көп адам суға кетіп жатады. 

Қазақстанда 2017 жылы 52 ересек, 59 бала суға кеткен. 2018 жылдың маусымында 28 бала, 38 ересек суға батқан. 2017 жылы 295 ересек адам мен 131 бала ажалын судан тапқан. 

Today.kz редакциясы оқырман есіне суға шомылу қағидасын тағы бір мәрте салып өтуді жөн көрді.