Қазақстандықтар арасында қандай ұялы байланыс операторы танымал

Фотография - Қазақстандықтар арасында қандай ұялы байланыс операторы танымал

Сурет: stock-clip.com

Біраз уақыт бойы қазақстандық ұялы байланыс операторлары нарығында бір адамның ұялы байланысын бірнеше рет ауыстыруы байқалды.

720 0

Қазақстандықтар арасында қандай ұялы байланыс операторы танымал, ел тұрғындары ұялы байланысты қандай шарттары бойынша таңдайды? Бұл сұрақтарға Today.kz редакциясы жауап іздеп көрді. 

Біраз уақыт бойы қазақстандық ұялы байланыс операторлары нарығында бір адамның ұялы байланысын бірнеше рет ауыстыруы байқалды. 

"Мен Kcell қызметін 2001 жылдан бері пайдаланамын. Тарифтері жақсы, басқа компаниялардағыдай жарнамалары көп емес, байланысы өте жақсы. Қаланың сыртына тауға көп шығамын, үнемі байланыс қосылып тұрады. Сондай-ақ Интернетім де жақсы істейді. Сапалы байланыс пен толық пакет. Тариф бойынша ай сайын 3 500 теңге беремін, бәріне де жетеді, қосымша балансымды толықтырмаймын", – деді Дильназ Молдахметова. 

Кейбір абоненттер қызмет құнына көп мән береді. 

"Үш жыл бұрын ALTEL-ге ауыстым, өйткені ол арзан, айына 1 200 теңге беремін. Оны таңдаған себебім Интернет сапалы, мен Интернетті телефон шалу мен хабарлама жіберуге қарағанда көп қолданамын. Бірақ Астанада неге екенін білмеймін, Алматыға қарағанда байланыс нашар", – деді Тимур Дүйсенов.  

Кейбір қазақстандықтар бейнебайланысы жақсы болғаны үшін де ұялы байланыс операторын таңдайтындарын айтты. 

"Beeline қызметін қолданғанымен бір жылдай болып қалды, өйткені байланысы өте жақсы, "Бәрі бірге" тарифі ұнайды, айына 5 мың теңге беремін. Ең маңыздысы – сапалы Интернет, көбіне мессенджерлер мен бейнебайланыс арқылы хабарласамын", – деді Рахат Тұяқбаев. 

Қазақстандықтардың көбі арзан әрі сапалы ұялы байланыс операторын таңдайды. 

"Tele 2-ні қолданамын, оны үш жыл бұрын таңдадым, өйткені ол кезде телефон нөмірін өзің таңдайтынсың, оның үстіне Интернеті өте жақсы. Tele 2 байланысы да барынша арзан, айына бар-жоғы 1 490 теңге", – деді Данияр Зәкіраев. 

Бірнеше операторды бір уақытта қолданатындар да бар екен. 

"Смартфонымда Beeline қызметі қосулы тұр. Интернет сапасы мен жылдамдығы мен үшін өте өзекті, сондай-ақ WhatsApp арқылы қоңырау шалу да маңызды, SMS-ті көп қолдана бермеймін. Меніңше, жалғыз кемшілігі – Beeline таулы жерде нашар тартады. Activ желіні жақсы табады. Сол үшін екі операторды қатар қолданамын. Тариф бойынша Beeline тиімді. "Бәрі бірге" тарифін қолданамын, айына 1 790 теңге төлеймін", – деді Марина Абрамовская. 

"Activ-ті қолданғаныма үш жылдай болды, осыған дейін Интернет жылдамдығы мен тарифтік шарттарға көңілім толмай ауыстыра берген едім. Activ сапасы мен жылдамдығы бойынша әзірге көңілімді қалдырған жоқ. Айына тарифтік жоспар үшін 1 500 теңге беремін, жақсы жетеді, кейде қалдық қалады", – деді Кристина Лапина.

Кейбір қазақстандықтар тек интернет үшін бөлек роутер алады. 

"Tele 2-ні қолданамын. Бұл операторды арзан Интернеті үшін таңдадым, бірақ телефоным Интернетті дұрыс ұстамай, ALTEL-дің 46-гигабайттық WiFi-роутерін сатып алдым, ай сайын 4 500 теңге төлеймін", – деді Құдайберген Бауыржанұлы. 

Сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтар ұялы байланыс операторын Интернеттің жылдамдығына қарай, қалада да, қаланың сыртында да ұялы байланыстың тартуына орай таңдайтынын көреміз. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?