572

Астанаға жыл сайын 15 мектеп тұрғызу керек – Ерлан Сағадиев

Министрдің сөзінше, елде жыл сайын 110-170 мектеп тұрғызылады.
Фотография - Астанаға жыл сайын 15 мектеп тұрғызу керек – Ерлан Сағадиев Сурет: El.kz

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысында үш ауысымды оқудың мәселелерін шешу жолдарын айтты. Ол сондай-ақ Қазақстандағы апатты жағдайда тұрған мектептерді сөз етті, деп хабарлайды Today.kz.

Министрдің сөзінше, елде жыл сайын 110-170 мектеп тұрғызылады. 

"Бірақ үш ауысымды оқыту мен апатты жағдайда тұрған мектептер мәселесі әлі де бар. Қазіргі таңда 118 мектеп үш ауысымда оқиды, оның ішінде 27-сі – Алматы облысында, 24-і – Ақтөбе облысында, 10-ы – Түркістан облысында, 12-сі – Ақмола облысында, 11-і – Атырау облысында", – деді Ерлан Сағадиев.  

Министрдің пікірінше, үш ауысымда оқу демографиялық-миграциялық процестің себебінен енгізілген. Астанаға 2017 жылы 80 мың адам көшіп келсе, оның 17 мыңы – бала. Енді Астанаға жыл сайын 15 мектеп тұрғызу керек. 

Министр Қазақстанның қай өңірінде апатты жағдайда тұрған мектеп көп екенін айтқан еді

Загрузка...