Жаңа оқу жылынан бастап қай сынып мұғалімдерінің айлығы көбейеді

Фотография - Жаңа оқу жылынан бастап қай сынып мұғалімдерінің айлығы көбейеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Вице-министр жалақының нақты көлемін айта алмады.

1584 0

Жаңа оқу жылы басталғанда үшінші, алтыншы, сегізінші сынып мұғалімдерінің айлықтары 30 пайызға көбейеді, деп хабарлайды Today.kz ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовке сілтеме жасап. 

Бұрын екінші, бесінші, жетінші сынып мұғалімдерінің айлықтары өскен еді. 

"Осы жылы оларға үшінші, алтыншы, сегізінші сынып мұғалімдері қосылды. Яғни барлық сыныптың 75 пайызы. Одан әрі қарай төртінші, тоғызыншы сыныптар болады. 10,11 сыныптар содан кейін. Бәрі қосымша ақы алатын болады", – деді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, 30 пайызға көп жалақы әр мұғалімге жеке қосылады. Яғни бәрі мұғалімнің категориясына байланысты. Ауыл мұғалімдері тағы да 25 пайыз қосымша ақы алады. 

Вице-министр жалақының нақты көлемін айта алмады. 

ҚР БҒМ мәліметінше, Қазақстан бойынша 205 мың мұғалім жалақысына қосымша ақша алады. Бұл үшін үкімет республикалық бюджеттен қаражат бөліп отыр. 

Естеріңізге салайық, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп көп екенін айтқан еді. Министр сондай-ақ үкімет отырысында үш ауысымды оқудың мәселелерін шешу жолдарын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?