Астанада 10 сынып оқушылары кәсіппен айналысып екі миллион теңге табыс тапты

Мақалалар
1537
Оқушылар айына 50 мың теңге кіріс кіргізетін бизнеспен айналысқылары келіп, көп ойланған. Нәтижесі одан да сәтті шықты.

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Әли Нұралы мен Рүстем Жармағанбетов бизнес-идеяларының арқасында миллион теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Today.kz

Оқушылар айына 50 мың теңге кіріс кіргізетін бизнеспен айналысқылары келіп, көп ойланған. Нәтижесі одан да сәтті шықты. 

"Біз мектебіміздің принті басылған футболка, свитшоттарды саттық. Сатылымның бірінші күнінде 300 000 теңге табыс таптық. Екі аптадан кейін 1 миллион теңге таптық. Мектепте зат сатуға тыйым салды, "басқа жерге барып сатыңдар" деді. 

Мектебіміздің желісін басқаратын 20 компания бар, солар 4 миллион, 2 миллион, 500 000 теңге тұратын ауқымды келісімшарт ұсынды  

Екі айдан кейін 2 миллион теңге таптық, содан кейін жазғы демалысқа шығып кеттік", – дейді оныншы сынып оқушылары Әли Нұралы мен Рүстем Жармағанбетов. 

Бұл туралы оқушылар орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. "Атамекен" ұлттық палатасы ұйымдастырған мәслихатта кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қорытындысы жарияланды. 

Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушылары Бибі Сауғабаева мен Қуаныш Аманғали "Жүрек" атты бизнес-жобаларының қыр-сырын бөлісті. 

"Бұл қан донорларын іздеу жобасы. Жоба бірнеше бизнес-тренердің, доктордың қолдауымен құрастырылды, оның негізі – біз Қазақстандағы қан жетіспеушілігін байқап, жүйені оптимизацияладық. Шын мәнінде қан тапсыруға Қазақстан тұрғындарының 2,5 пайызы жұмылдырылуы керек, қазіргі таңда халықтың 1,7 пайызы донор болып саналады. 

Біз құрастырған жоба донорларды қан тапсыруға ынталандырады, біздің база анықтамасының негізінде жұмыс істейтін аурухана жарна төлейді 

Біз менторларға жүгіндік, ұстазымыз Әсемгүл Сейсенова, оқулықтарымыздың авторының бірі зерттеуімізге көмектесті", – дейді Бибі Сауғабаева. 

Бибінің сөзінше, ол серіктесі екеуі стартаптар байқауына қатысып, 500 000 теңге жеңіп алған. Олар құрастырған жоба әлеуметтік болып саналады. Ол негізінен қоғамға пайда тигізуге бағытталған. 

Естеріңізге салайық, Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап тағы 17 мектепке "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізіледі.  

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить