2341

Павлодардың 34 жастағы жаңа әкімі Әнуар Күмпекеев – ол кім

Today.kz жаңа әкімнің өмір жолына үңіліп көрді.
Фотография - Павлодардың 34 жастағы жаңа әкімі Әнуар Күмпекеев – ол кім Сурет: facebook.com/@Ануар Кумпекеев

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облыс орталығының жаңа басшысын таныстырды. Павлодар әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Павлодар қаласының әкімі болып Күмпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы тағайындалған. 

Today.kz 34 жастағы жаңа әкімнің өмір жолына үңіліп көрді. 

Әнуар Қайыргелдіұлы 1984 жылы туған. 2005 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдады. 2007 жылы Бредфорский (Ұлыбритания) университетіндегі экономикалық саясаттың магистрі дәрежесін алды. 2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі болып табылады.

Фото -

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады, Астана қаласы. 2007 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Маркетинг және коммерциялық департаментінің директоры, "ҚР Биотехнология ұлттық орталығы" РМК  стратегиялық даму департаментінің директоры болды. 

2008 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда қызмет етті, Астана қаласы. 2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Ғылыми-техникалық  саясат және нормалау департаментінің директоры, "Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі атанды. 2012 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары болды. 

2015 жылғы мамыр айынан бастап, яғни 31 жасында Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Фото -

БАҚ-қа берген сұхбатында Күмпекеев жастығына қарамай бас болуының себебін былай түсіндірген: 

"Менің ойымша, үнемі еңбек етіп, өзіңді дамытуың керек. Бұны бала кезімізден бастап ата-анамыз қалыптастырады", – деген жас әкім. 

Әнуар Күмпекеев әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады. Онда шенеунік түрлі шаралардан түсірілген суреттерін жүктеп, жұмыстарының нәтижесін жариялап отырады. 

Өзі туралы ақпаратта үйленгенін көрсеткен. 

Фото -