1411

Министрлер Бақыт Сұлтановты Астана әкімі болып тағайындалуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бақыт Сұлтановты Астана әкімі қызметіне тағайындаған еді.
Фотография - Министрлер Бақыт Сұлтановты Астана әкімі болып тағайындалуымен құттықтады Сурет: ©Арман Мұқатов

ҚР Үкіметі отырысынан кейін министрлер ҚР қаржы Министрлігінің бұрынғы басшысы Бақыт Сұлтановтың Астана әкімі лауазымына тағайындалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

Бақыт Сұлтанов ҚР Үкіметі отырысына қатысып, 2018 жылдың сегіз айындағы мемлекеттік бюджеттің игерілуіне қатысты есеп берді. Осы уақытта оның елорда әкімі болып тағайындалғаны белгілі болды. 

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа әкімді құттықтады. 

"Сәттілік және мемлекет басшысының сенімін ақтауын тілеймін", – деді Сүлейменов. 

Құттықтауға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов та қосылды. 

"Оны құттықтағым келеді, оның тәжірибесі көп. (...) Оған сәттілік тілеймін. Бұл жауапты мемлекеттік қызмет, мен оны құттықтаймын! Исекешевті құттықтап үлгердім", – деді Атамқұлов. 

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа әкімнің бойында қандай қасиеттер бар екенін айтты. 

"Ол жақсы адам, жоғары білікті басшы, тамаша әкімші және саясаткер, сондықтан ол үшін қуаныштымын", – деді Сағадиев. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бақыт Сұлтановты Астана әкімі қызметіне тағайындаған еді