1590

Шымбұлақ ТМД-дағы үздік қысқы шипажайлардың көшін бастады

ТМД елдерінің ең үздік тау-шаңғы шипажайлары аталды.
Фотография - Шымбұлақ ТМД-дағы үздік қысқы шипажайлардың көшін бастады Сурет: ticketon.kz

ТурСтат сараптама агенттігі ресейлік туристер арасында 2018/2019 жылдары қыс мезгілінде танымал болған ТМД мен жақын шетелдің шипажайларын тізді, деп хабарлайды Today.kz

Тау шаңғысын ұнататын ресейліктер арасында ТМД елдерінің ішінен бірінші болып Шымбұлақтың аты аталды. Үздік ондықта ШҚО-дағы Алтай таулары да бар. 

Қазақстанның Шымбұлағы, Грузияның Шудауриі, Әзірбайжанның Шахдагы, Беларусь елінің Силичиі, Арменияның Цахкадзоры, Өзбекстанның Чимғаны, Қырғызстанның Қаракөлі. Беларусь елінің Логойскі, Әзірбайжанның Туфандагы, Қазақстанның Алтай таулары үздік ондықты құрады. 

ТурСтаттың мәліметінше, ТМД мен жақын шетелге туристер орта есеппен 7 күн демалуға барады. Шымбұлаққа бару үшін күніне 100 доллардан аз қаражат керек. 

Беларусь елінің Силичах пен Логойск мекендерінде қыста демалу арзан, ал Әзірбайжанның Шахдагы мен Туфандагы ең қымбаты болып отыр. 

Рейтинг 2018/2019 жылдары қыс мезгілінде жасалған турсапарларды сараптау нәтижесінде түзілді. 

ТМД елдерінің ең үздік тау-шаңғы шипажайлары: 

1. Шымбұлақ, Қазақстан;

2. Гудаури, Грузия;

3. Шахдаг, Әзірбайжан;

4. Силичи, Беларусь;

5. Цапхкадзор, Армения;

6. Чимған, Өзбекстан;

7. Қаракөл, Қырғызстан;

8. Логойск, Беларусь;

9. Туфандаг, Әзірбайжан;

10. Алтай таулары, Қазақстан.