1142

2018 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы өзгерді ме

Жарияланған статистикаға сүйенсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап Шымкентте тұрғын үй бағасы көп өскен.
Фотография - 2018 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы өзгерді ме Сурет: themetempest.com

Қазақстанның барлық өңірінде тұрғын үй бағасы өсіп жатыр. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларындағы көрсеткіш бойынша нәтиже осындай. "Крыша" сайтындағы деректер де сөзімізге дәлел. 

Today.kz тұрғын үйлердің не үшін қымбаттап жатқанын және бағаның ипотекалық несие арқылы берілетін мемлекеттік бағдарламаларға әсері бар-жоғын маманнан сұрап көрді. 

Жарияланған статистикаға сүйенсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап Шымкентте тұрғын үй бағасы көп өскен, 10 пайызға артқан. Енді бұл қалада бір шаршы метр 213 мың теңге тұрады. Екінші орында Өскемен қаласы, онда баға 5,7 пайызға өскен, бір шаршы метрді 175 мың теңгеге сатып алуға болады. Үшінші орында Алматы қаласы, бұнда шаршы метрдің бағасы 5,1 пайызға қымбаттаған, бұл 342 мыңнан 360 мың теңгеге өсті деген сөз. 

Фото -

Сурет: krisha.kz

Таразда (-4 пайыз), Ақтауда (-4,6 пайыз), Ақтөбеде (-5,9 пайыз) керісінше, үй арзандаған

Экономист Айдархан Құсайыновтың сөзінше, тұрғын үй бағасының өсуі – нарықтық экономикаға негізделген табиғи процесс. 

"Тұрғын үй бағасы құбылып тұруы тиіс, бұл нарық қой. Доллар курсы да әлбетте ықпал етеді. Тым жылдам дедолларизация тудырып жатқан құбылыс деуге болады. Баға да бұған жауап беруде", – деді ол. 

"Крыша" сайтында жарияланған статистика тұрғын үй нарығындағы бағаны нақты айқындай алмайды. 

"Крышаның" индексі нақты бағаны көрсете алмайды, бұл саудагерлер ұсынған индекс болуы мүмкін. Көбіне шын келіссөз басқа баға арқылы жүргізіледі. Десе де бұл индекс жаман емес, ол доллар қозғалысына көбірек реакция білдіретін болады. Бұл индекс ұсыныс, оның бағасы әрдайым қымбат, өйткені саудагерлер өз тауарын қымбатқа сатқысы келеді". – деді сарапшы. 

Фото -

Сурет: Baribar.kz

Сондықтан да экономист басқа дереккөзге сүйенді. 

"Менде кішкене басқаша ақпарат бар, оны ҚР ұлттық экономика Министрлігінің статистика Комитетінен алдым. Нақтырақ айтсақ, тамыз айында Қазақстан бойынша көп қабатты тұрғын үй бағасы арзандады. Қыркүйекте бір пайызға қымбаттады. 2018 жылдың тоғыз айы бойынша орташа баға 2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,8 пайызға аз. Қазақстан бойынша орташа динамиканы қарастыратын болсақ, тұрғын үй нарығындағы құн аздап өскен", – деді Айдархан Құсайынов. 

Қаржы маманы "Нұрлы жол", "7-20-25" сияқты мемлекеттік бағдарламалардың тұрғын үй нарығына әсері болмағанын атап өтті.

"Нұрлы жер" немесе "7-20-25" сияқты бағдарламалар бағаға әсер етті деп айта алмаймын. Олар "Крышаның" индексінде көрінуі мүмкін, бірақ шынайы бағада көрінбейді. Тұрғын үйді сатушылар арзан ипотека келген соң баға өседі деп шешкен, бірақ шынайы келіссөз тұрғысынан қарасақ, бір нәрсе өзгерді деп айту қиын", – деді ол. 

Сарапшы тұрғын үй нарығында стагнация мен аздаған құбылу болатынын айтты.