Made in Kazakhstan: дизайнерлер отандық киімнің не үшін қымбат тұратынын айтты

Мақалалар
1316
бутикті жалға алу бір миллион теңгеден басталады.

Сәнге енген затты сатып алып тұрып: "Мен не үшін ақша төледім?" деп ойланып көрдіңіз бе? Қазақстандық танымал дизайнерлер Today.kz тілшісімен әңгіме барысында бренд киімдердің бағасына қатысты пікірлерін айтты. 

Аида Қауменова бағаға бутикті жалға алу құны айрықша әсер ететінін атап өтті, әр ай сайын дизайнер екі миллион теңгені осы үшін төлейді. 

Бағаға әсер ететін жалғыз себеп ол емес

"Брендіміз – пішімі күрделі бұйым. Мақсатты аудиториямыз басқа дүкендерден таба алмаған киімдерін алу үшін бізге келеді. Бұл, біріншіден, мінсіз пішім, матадан ақша аямаймыз. Қазір баға туралы әңгіме көбейіп кетті, бұл сапа, мінсіз пішім, бұйымның ұзаққа шыдайтыны сияқты түсініктерді ысырып отыр. "Қазақстандық Шанель" атауынан үміттіміз, өйткені киіміміздің үш желісі бар. Дүкендерімізде бұйымның бағасы 40 мың теңгеден басталады. Адамдар бізде тек қымбат қана емес, қолжетімді киімнің де сатылатынын білгенін қалаймыз", – дейді Аида Қауменова. 

Фото -

Сурет: vlast.kz

Динара Сәтжан 10 жыл бұрын отандық дизайнерлердің киімін киіп жүру сәнде болмағанын, бірақ қазір бәрі өзгергенін айтты. 

"Біріншіден, өндірістің өзі қымбат. Құрастырушыларымызға, тігіншілерімізге аз ақша төлемейміз. Екіншіден, шикізат импорттық, доллармен сатып алынады, доллар сәт сайын өсіп жатыр. Қазақстанда мата, фурнитура жоқ. Үшіншіден, құрылғылар да импорттық. Киімді сауда орталықтарында сатамыз, бутикті жалға алу бір миллион теңгеден басталады. Қызметкерлердің жалақысы мен салық бар. Осының бәрі өнімнің бағасына әсер етеді. Сондықтан менің брендімнің құны 30 мыңнан 60 мың теңгеге дейінгі аралықта. Клиенттеріміз бұл киімнің үш данамен тігілетінін, оны қазақтар ойлап тапқанын, өзіндік фишкасы бар екенін жақсы біледі", – деді Динара Сәтжан. 

Фото -

Сурет: instagram/@dinarasatzhan_clothing

Тағы бір отандық дизайнер Кәмилә Құрбани отандық өнімге деген сұраныстың күрт төмендеп кеткенін айтты. 

"Мен масс-маркеттің дизайнері емеспін, әр зат бір-бірлеп тігіледі. Қазақстанда "Made in KZ" болса, бағасы арзан болуы тиіс деген пікір қалыптасты. Елімізден ештеңе шықпайды, бүкіл материал, фурнитура басқа елдерден әкеледі. Матаны біздің елге әкелгенше... Менімен бірге жұмыс істейтін шеберлер тәжірибелі мамандар, арзанға келіспейді. Киімдерімнің бағасы 170 мың теңгеге дейін жетеді", – деді дизайнер. 

Фото -

Сурет: zakon.kz

Қазақстан Президенті өз сөзінде азаматтарды отандық өнімді қолдап, қазақстандық дизайнерлердің киімдерін сатып алуға шақырды. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить