9600

Моңғолияда тұратын 14 жастағы қазақ қызы New York Times басылымына шықты

Моңғол қазақтары – қыранмен аңға шығу дәстүрін сақтаған жалғыз ел.
Фотография - Моңғолияда тұратын 14 жастағы қазақ қызы New York Times басылымына шықты Сурет: NYT

Моңғолияда туған 14 жастағы қазақ қызы Заманбол америкалық New York Times газетіне шыққан мақаланың кейіпкері болды. Ол қыранмен аңға шығу арқылы беделді басылымның назарына іліккен, деп хабарлайды Today.kz.

Моңғол қазақтары – қыранмен аңға шығу дәстүрін сақтаған жалғыз ел. Моңғолияның Баян – Өлгей аумағын мекендеген қазақ көшпенділері мыңжылдық тарихы бар дәстүрді сақтау арқылы өз тамырына үңіліп, жабайы табиғаттан өмірдің мәнін іздейді. 

Фото -

Заманбол үйінің жанында / Сурет: NYT

Күнделікті өмірде Заманбол қарапайым өмір сүреді. Аптаның бес күнінде қалаға мектепке кетеді, демалыс күндері көшпенді өмір салтын сақтаған отбасына келеді. Жұма күні кешке ата-анасына үй шаруасына көмектеседі, демалыс күндерін үй тірлігін істеуге, аңға шығуға жұмсайды. Өз атына мініп, тауға жабайы аңдарды аулауға кетеді. Жыртқыш қыранын үнемі өзімен бірге алып жүреді. 

Аңға шығуды ол атасы Мәтейден үйренген. Бала кезінде атасымен бірге қасқыр аулауға шыққан. Атасы құсты аспанға қалай ұшыру керектігін, қалай сабырға шақыруға болатынын, қалай баптайтынын – бәрін-бәрін үйреткен. Мәтей қайтыс болғанда қыз оның қыранына иелік етіп қалған. 

"Атам қайтыс болған соң оның ісін жалғастырғым келді", – дейді ол. 

Фото -

Заманболдың атасы Мәтей / Сурет: NYT

Заманбол тауға аңға кеткенде көбіне достарын бірге алып жүреді. Селфиге түсуді де ұмытпайды. Қыранды Заманбол мен оның достары жақсы таниды. "Қыраның керемет", – дейді олар. 

Қыранмен аңға шығу дәстүрі аға буын мен жастарды жалғайтын алтын көпір секілді. Қазіргі таңда 400 этникалық қазақ ресми түрде қыранмен аңға шығушы ретінде тіркелген. 

Фото -

Фестиваль кезі / Сурет: NYT

Загрузка...