2532

Қазақия, Қазақ Ордасы, Қазақ Республикасы, Қазақ елі – Атауды қалай өзгертеміз

Қазақстан Республикасының атауы өзгеруі мүмкін бе? Үңіліп көрдік.
Фотография - Қазақия, Қазақ Ордасы, Қазақ Республикасы, Қазақ елі – Атауды қалай өзгертеміз Сурет ашық дереккөзден алынды

Қараны қара, ақты ақ, қазақты қазақ деу керек. Осылай деген "Ақ жол" партиясының депутаты Азат Перуашевтің ұсынысы халық арасында қызу пікірталас тудырды. Бірақ бұл идея бірнеше рет бірнеше жерде айтылып қойған. Тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бір кездері осы мәселені көтерген еді. Біз бүгін осыған қатысты кімнің не айтқанын және Қазақстанның атауын өзгертудің қаншалықты қажеттілігі бар екенін талдап көреміз. 

2019 жыл – Перуашев

Перушаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында 2020 жылы болашақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің платформасы болған КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынын еске салады. Осыған байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан мемлекеттік деңгейде Қазақ Республикасының 100 жылдығына көңіл бөліп, осынау атаулы күнді атап өтуді ұсынды.

"Қазақстан" атауымен қатар елімізге ресми "Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруларыңызды сұраймыз. Әр нәрсені өз атымен атау керек: қараны қара, ақты ақ, қазақты қазақ деу керек", – деді Перуашев. 

2015 жыл – Назарбаев

"Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық, сондықтан бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы дала елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы осы - Ұлы дала елі", – деді Назарбаев Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Осыдан кейін "Ұлы дала елі" тіркесі халық арасында кең тарап, жиі қолданыла бастады. 

2014 жыл – Назарбаев 

2014 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың атауы өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол мемлекеттік тілде бірнеше атау ұсынды. 

"Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Сонымен, бір мезгілде, шетелдіктер небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар", – деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысы бұл сөзді Атырау облысына барған сапарында айтты. 

Сол жылы әлеуметтік желі қолданушылары Назарбаев айтқан нұсқаға қатысты өз пікірлерін білдірді. Көбіне "Қазақия" атауы ұсынылды. Көбі "Қазақ елі" атауын қолдады. Бұл ұсынысқа қарсылық білдіргендер мемлекет атауын өзгерту бюджетке салмақ салатынын еске салды. 

2013 жыл – блогер 

Ел атауын өзгерту мәселесін басшылар ғана емес, қарапайым азаматтар да көтерді. 2013 жылы блогер, тележүргізуші Диас Әзімжанов "стан" жалғауынан құтылу үшін халық арасынан дауыс жинаған. 

"Еліміздің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасағым келеді. Яғни, "стан" деген жалғауды алып тастау  қажет деп есептеймін. Қазақ елі (Республикасы), Қазақ Ордасы деген әлдеқайда жағымды естіледі емес пе?" – деді блогер. 

"Бізді Пәкістан және Ауғанстанмен шатастырып жататынын өз көзіммен көріп, құлағыммен естідім. Кейбір шетелдік азаматтар еліміз бен жоғарыда аталған елдердің саяси ахуалында да айырмашылық жоқ деп есептейді. Әлем ареналарында қанша жетістіктерге қол жеткізіп, еліміз туралы қанша имидждік жарнамалар түсірілсе де, Пәкістан, Ауғанстан елдерімен атауларымыздың ұйқастығы Отанымыздың абыройын одан әрі асқақтата қоймас деп ойлаймын", – деп түсіндірді Әзімжанов. 

Ғасырдың басында да бұл ұсыныс көтерілген 

XXI ғасырдың басында "Қазақия" термині ұсынылды. 2005, 2008, 2010 жылдары белсенділер Қазақстан атауын "Қазақия" деп өзгертуді құлшына айтты. 

Qazaqstan атауы да 2010-2012 жылдары ұсынылған. Одан бөлек, "Тұран" деп те атайық дегендер табылды. 

Ресми емес ұйым Қазақстан мұсылмандар Одағының басшысы Мұрат Телібеков халыққа мынадай тізім берді: 

– Данышпан Ел 

– Ұлы Ел 

– Ақылды Ел 

– Бай Ел

– Керемет Ел 

– Батыр Ел 

Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, Қазақстанның атын ауыстыру мәселесі көптің көкейінде жүргенге ұқсайды. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Пікір білдіріңіз, мархабат. 

{{poll.title}}

{{a.title}}

{{a.title}}

Загрузка...