Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық диалогқа қосқан үлесі

Мақалалар
2011
Мемлекет ұлтаралық татулықты, діни еркіндікті сақтау барысында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бүгінгі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. ҚР дін істері агенттігі мәліметі бойынша республикамызда 17 конфессия, 3088 діни бірлестік жұмыс істейді. 

Елімізде ең көп тараған екі дін ислам мен христиан болып саналады. Сонымен бірге иудаизм мен буддизм өкілдері де аз емес. 

Мемлекет ұлтаралық татулықты, діни еркіндікті сақтау барысында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.  

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 20 маусымында "Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлыққа байланысты атқарылуы тиіс шаралардың тізімі жарияланды. 

"Мемлекет діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыра отырып, рухани және діни құндылықтар елдегі барлық салалардың дамуы мен өркендеуін діни догмаларға байланысты тежемей, керісінше олардың дамуына оң ықпал етуі керек екендігін негізге алады", – делінген Жарлықтың жобасы туралы Заңда

Ұлтаралық тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында 1995 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды

Аталған бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Ассамблея еліміздегі бірнеше ұлт өкілін бір мақсатқа жұмылдыру үшін, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін жұмыс істейді. 

Республикада еліміздің барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы болған Пан Ги Мун Қазақстанға сапары кезінде "Қазақстан аз санды ұлттар мен этникалық топтардың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін сақтау арқылы ұзақ мерзімді тұрақтылықтың негізін қалап отыр", – деп атап көрсеткен. 

Елімізде мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі болып саналатын Құрбан айт, христиандардың сенімі бойынша Христос қайта тірілетін пасха мерекесі еркін түрде тойланады. Мемлекет басшысы осынау мейрамдармен қарапайым халықты арнайы құттықтап, сөз сөйлейді

Қазақстан Президенті Құрбан айттың мән-маңызы тек намаз оқумен және құрбандық шалумен шектелмейтінін айтады, сондай-ақ жағдайы жоқ отбасыларға, жетімдерге, қарттар мен барлық мұқтаж жандарға қайырымдылық танытып, көмек көрсетуге шақырады.

"Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек", – дейді Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтай отырып. 

Мемлекет басшысының сөзінше, мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты.

Фото -

Астанадағы "Нұр Астана" мешіті. Сурет: Muftyat.kz

Фото -

Алматыдағы шіркеу. Сурет: advantour.com

Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық диалогқа қосқан үлесі орасан зор

 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі болып өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші Съезі Астанада 2006 жылғы 12-13 қыркүйекте өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен осы съезді өткізу үшін Бейбітшілік және келісім сарайы арнайы салынған. 

Аталған съезд үш жыл сайын тұрақты түрде үлкен табыспен ұйымдастырылып келеді. Съездің өркениетаралық және мәдениетаралық диалогтың жаһандық үдерісіне зор үлес қосқаны мойындалып отыр. 

Фото -

Сурет: Baribar.kz

Дін көшбасшылары ашық диалогқа қолайлы бұндай алаңның әлемнің басқа елдерінде жоқ екенін айтады. Кейбір мемлекеттер талпыныс жасағанымен, Қазақстан секілді аса беделді дін көшбасшыларын бір ортаға жинай алмаған. Съезд Астана қаласында өтетін әлем бойынша маңызды шараға айналды. 

Астана форумы Біріккен Ұлттар Ұйымының кейбір маманданған мекемелерімен, "Өркениеттер альянсы" сияқты халықаралық сұхбат алаңдарымен және басқа да құрлымдармен ынтымақтаса жұмыс істейді. 

"Діни лидерлер кеңесі жалпы әлемдік рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, діндер мен мәдениеттердің арасындағы өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізу ісінде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Әлем дамуының қазіргі барысы жаһандық конфессияаралық диалогтың осындай бірегей тетігіне деген сұраныс өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр, – деді Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде сөйлеген сөзінде. 

Мемлекет басшысы әлемде болып жатқан жағдайлардан жіті хабардар болып, өз пікірін батыл түрде білдіріп отырады

Назарбаев 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. "Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз. Қазақстан біздің елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын", – деді Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге жолдаған көңіл айту жеделхатында

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить