Қазақ елі өзінің рухани даму бағытын айқындап алды – Шымкент қаласының бас имамы

Мақалалар
1542
Шымкент қаласының бас имамы, Орталық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен сұхбат.

Еліміз Тәуелсіздігін алғалы діни татулық қалай өркендесе, өкінішке қарай тыныштығымызға нұқсан келтіргісі келетін кері ағымдар да қоғамда жоқ емес, бар. Азаматтардың діни сеніміне бостандық пен таңдауы бар қоғамда халық қатерлі ағымның құрбанына айналмауы керек. Мемлекет бұл орайда байыпты, жан-жақты саясат ұстанып келеді. Елді бірлікке шақыруға тек билік қана емес, дәстүрлі діни ұйымдар да барынша атсалысып жатыр. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы,  Орталық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз.

– Бақтыбай Қыдырбайұлы, айтыңызшы жалпы дін дегеніміз не? Ол адамзатқа не үшін қажет?

– Бүгінде "дін дегеніміз не?" деген сұрақтың жауабын әртүрлі қырынан талқылап жеткізуге болады. Дін туралы шығыстану, лингвистика, теология, пәлсапа ғалымдары өздерінің түсіндірмесін берген. Кейбірі оны тек сенім шеңберінде шектесе, кейбірі идеологиялық немесе саяси құрал деп айтуы мүмкін. Алайда ислам дінін ұстанумен қатар осы дінді ұзақ жылдар бойы зерттеп келген тәжірибеме сүйене отырып, дін – пенде мен Жаратушы арасындағы байланыс қана емес, ол адам мен қоғам өмірінің барлық қырларына ықпалын қамтыған сенімдік және заңнамалық жүйе дер едім. Мәселен, дін адамның адаммен, адамның қоғаммен қатынасын, сауда-саттық, үйлену-ажырасу, мирасқорлық сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ жалпы өмір сүру дәстүрлерін толық қамтиды.

- ­Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Десе де, азаматтардың діни наным-сенім бостандығына қол сұқпайды. Бірақ, қауіпті радикалды, деструктивті көзқарастағы кереғар ағымдардан сақтандырады. Кері ағымдардан, терроризм, экстремизмнен сақтандыруда мешіттерде қандай іс-шаралар жасалып жатыр?

- Халқымыз ислам дінін қабылдағаннан бері мешітті киелі санағанын тарих растайды. Мешіт әрқашан қоғамда діни-рухани, тарихи-мәдени, ғылым және білім ордасы ретінде бағаланған. Мешіттер біз үшін күмбезі бар архитектуралық үлгідегі ғимарат қана емес, онда мұсылмандар Жаратушысымен қауышып, рухани жеңілдікті сезінеді. Жалпы, мешіт бүгінде діннің қоғамды біріктіруші міндетін атқаратын қасиетті орнына айналған.

Деструктивті әрі радикалды жалған діни топтар қоғамды бұзу үшін ең алдымен осы қоғамның рухани тірегі болып отырған мешіттерді қолға алуға талай әрекеттенгені белгілі. Олардың мақсаты – мінберді алу. Себебі, халық мінбердегіні тыңдайды, оған құлақ асады. Осыған орай, қазірде жекелеген салафилік секілді топтар мемлекеттік бақылаудың әлсіреуін күтіп отырған жайы бар. Сәті түссе кез келген уақытта насихат жұмыстарын жалғастырып, әлі де белсене әрекет етуге дайын тұрады.

Теріс ағымдардың мүшелері имамдардың жалпыға ортақ діни рәсімдерді ханафи мәзһабы бойынша орындауына қарсы шығып, кей мешіттерде бүлік шығаруға әрекеттенгені мәлім. Осыған байланысты, ҚМДБ жіктелудің алдын алу мақсатымен өзіне қарасты мешіттерде жамағаттың діни жоралғылар мен рәсімдерге қатысты танымдық мәселелерде тек матуриди мектебі мен фиқһ жүйесін басшылыққа алып, ханафи мәзһабы бойынша орындауы жөнінде арнайы ереже қабылдады.

Бұл ереже мешіттерде заңды қызмет ететін имамдар мен мешітті заңсыз иемденгісі келген теріс ағым өкілдері арасындағы дауды тоқтатуға жол ашты. Себебі, ережеге бағынғысы келмеген азаматтар енді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 2-тармағы бойынша тәртіпке шақырылуы мүмкін.

Сонымен бірге, мешіттер бүгінде халықтың арасында экстремизм және терроризмге қарсы өте ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан аумағында заң бойынша діни насихатты тек тіркелген діни бірлестіктер ғана жүргізе алады. Ал адамдардың арасында ислам бойынша туындаған сұрақтарға ең алдымен мешіт имамдары жауап беруде.

Біздегі имамдар – діни насихат жүргізуге арнайы дайындықтан өткен мамандар. Олар дін төңірегіндегі күнделікті сауалдармен қатар, осы шетін діни көзқарастар туралы халыққа түсіндірме шараларын жүргізуші басты күш саналады.

Фото -

- Қазір мешітке келушілердің арасында діни алауыздық байқала ма? Болып жатса қалай шешесіздер?

- Қазіргі кезде дін саласындағы мемлекеттің саясаты кешенді әрі үйлесімді жүргізілуі себепті елдегі діни ахуал тұрақты. Мемлекеттік органдар, дін қызметкерлері, әлеуметтік институттар қоян-қолтық жұмыс жасауының нәтижесінде бізде, әсіресе діни ортада алауыздық көріністері бәсеңдеген. Мешіт имамдарымен текетіресіп, жамағаттың тыныштығын бұзатын адамдар жоқ емес, алайда олар заңның күшінен сескенеді, аяқ тартады. Сондай-ақ мешіттердің өзінде қазір бауырмалдылық, дінаралық төзімділік, мемлекеттік және қоғамдық тұтастықтың маңыздылығы тақырыптары аясында уағыздар айтылады.

- Неге кері ағымдар мен дәстүрлі дін ұстанып отырғандар арасында дау-дамай бітпейді? Адамдар неге тыныш Құдайға сыйынып жүре бермейді? Сонымен қатар, "Біз тура жолда жүрміз" деп көбіне радикалды, деструктивті бағыттағы ағымдар айтады. Ал ханафи мазһабындағылар неге бұлай айтпайды?

- Дін адамзат өмірінің барлық дерлік қырларымен тығыз байланысы болған соң, әрине, оның идеологиялық және моральдық ерекшеліктеріне әсер етеді. Мұны діннің интеграциялық және дезинтеграциялық функцияларынан байқауға болады. Яғни діннің қоғамның, не топтың бірігуіне немесе ыдырауына ықпал ететін қасиеті бар. Мысалы, осы бір діннің негізінде тұтас бір ұлттың қалыптасатыны да тарихтан белгілі. Сондай-ақ кейде өзге дінді қабылдаған, яғни дінін ауыстырған кейбір жандардың туысқандарымен ара қатынасы үзіліп қалу оқиғаларына куә болуымыз мүмкін. Осыдан-ақ діннің адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатынын көруге болады.

Ғасырлардың белесінен өткен дәстүрлі дін адамның рухани қажеттіліктерін өтейді, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайды, оны теріс қылықтардан сақтандырады, Құдайдың бар екенін еске салып, сақтықта ұстайды. Сондықтан дәстүрлі дінді ұстанушылар рухани және психологиялық тұрғыдан толыққан, сабырлы, байсалды келеді. Ақыл мен нақылдың арасындағы даналықты түсінеді. Айналасындағыларды дос көреді.

Ал теріс діни ағым өкілдері болса арбалған жандардың санасын үнемі текетірес ахуалында ұстауға тырысады. Сол арқылы радикалды идеология құрбандары сыни көзбен қарау қабілетінен айрылып, идеологтар айтқан "ақиқатты" ой-елек сүзгісінен өткізбей толығымен қабылдайды. Өзінікін ғана дұрыс деп білген сондай адамдар мешіттерде немесе басқа да қоғамдық орындарда өзгелермен сөз таластыруға, дау-дамай көтеруге бейім келеді. Айналасындағыларды дұшпан көреді. 

Әлі де болса Сирияға кетушілер бар. Ол жаққа жалпы кетуге не түрткі болады деп ойлайсыз? Расында жұмақ аңсап кетушілер ме әлде арбалып, алданғандар ма?

- Барлық тарихи кезеңдерде тек саяси мақсаттарды көздейтін терроризм құбылысы бүгінде өкінішке қарай технологияның жетістіктері арқылы жаһандық кейіпке еніп, ендігі кезекте діни сипатта белсенділігін арттыруда. Халықаралық террористік ұйымдар қажетті қаржылық және адам ресурстарымен жабдықталған, қанатын трансұлтты деңгейде кең жайған жүйеге айналды.

Діннің адам санасына ықпал етудегі әлеуеті жоғары. Осыған орай, теріс пиғылды халықаралық ұйымдардың медиа-студиялары және басқа да ақпараттық насихат құралдары әртүрлі қаржылық көздер арқылы молынан қаржыландырылып отыр.

Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білдіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.

Деструктивті топтың мүшелігіне кіру барысында адам әртүрлі психологиялық арбалу кезеңдерінен өтеді. Бұл кезеңдерде адам қате діни ұстанымдарды шынайы сенім ретінде қабылдайды. Мұндай жолға түскен адам өз көзқарастары үшін Отанынан, ұлтынан, туыстарынан, отбасынан бас тартады. Бір адамның қате жолға түсу салдарынан тұтас бір отбасы күйрегені өте ауыр жағдай. Бұл қауіппен барша жұрт жұмыла күресуін тоқтатпауы қажет.

- Жаһандану процесі жекелеген саяси күштердің дінді өз мүдделері үшін пайдалану үрдісімен, әлемде діни экстремизм және терроризмнің таралуымен қоса жүреді. Жаһандану, оның ішінде қазақ қоғамы дін жағынан қаншалықты дайын?

- Қазақстан – зайырлы мемлекет, оны бәріміз білеміз. Алайда ол өзінің тарихи, мәдени рөлі жоғары болған негізгі екі конфессияны анықтап, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңының преамбуласында бекітіп қойды. Ол діндер – ханафи мазһабындағы ислам және православиелік христиандық. Бұл орайда Қазақстан жаһандану көшінен қалмай келе жатқан ел. Себебі, бүгінде бізде отандық жоғары және арнаулы орта білім беретін, қажетті кадрларды дайындайтын орындарымыз бар. Діни алаңымыз біршама заңның арқасында тазарған. Шетелдік ірі университеттермен, ғылыми-зерттеу институттарымен өзара ынтымақтастық негізінде байланыстар орнатылған. Діни ахуалымыз Тәуелсіздік алған жылдары күрделі болғаны рас. Қазіргі радикалдарды оңалту жұмыстары да сол қиын кездерде туындаған проблемалардың салдарларымен күресу түрінде жүзеге асырылуда. Бастысы, қазақ елі өзінің рухани даму бағытын айқындап алды. Мұны Елбасының бастамасымен қолға алынған "Рухани жаңғыру" және "Мәңгілік ел" тұжырымдамаларындағы ойлардан анық көреміз.

- Діни фанатизм мен жат ағымдар мемлекеттің конституциялық негіздеріне, елдің зайырлы даму қағидаттарына, халықтың дәстүрлі рухани құндылықтарына қандай зиян келтіруі мүмкін? Мемлекет пен қоғам неден қауіптенеді сонда?

- Осыдан екі жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының "экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл" бойынша халықаралық саммитіндегі баяндамасында: "Терроризм мен экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып баратындығын" атап өтті. Осыған орай, ол өз тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризмге қарсы тұра алатын бірыңғай желі құрумен қатар, тағы басқа да бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. Мұнан біз халықаралық терроризмнің бүгінде елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалпымемлекеттік әрі жалпыұлттық проблемаға айналғандығын көреміз.

Қазіргі жаһандану кезеңінде заманауи қарулар мен технологияларға қолжеткізген терроризм дүниенің кезкелген жерінде тұрақтылықтың бұзылуына ықпал жасауы мүмкін. Оған кешегі Жаңазеландиядағы атыс, Шри-Ланкадағы жарылыстар немесе тағы басқа орын алған көптеген қанды оқиғалар айғақ болады. Террористік топтар тарапынан жасалған мұндай әрекеттер терроризмді жеке тұлға, қоғам және мемлекет өміріне қауіп төндіретін кең масштабты құбылыс екендігін білдіреді.

Тағы бір мысал, Сирия аумағында басталған азаматтық соғыс бүгінде дербес қарулы ұйымдардың толассыз қақтығысына айналды. Осы соғыста "ДАИШ", "ән-Нусра майданы", "Аһрар аш-Шам" секілді көптеген террористік ұйымдар өздері басып алған аумақта тұрғылықты халықтың қанын аяусыз төгуде.

- Қазір желі беттерінде дін ұстануды сәнге айналдырып жібергендей әсер қалдырады. Әсіресе инстаграм желісінде намаз үйретушілер, исламдағы әйел әдебін оқытатын жаңа үрдіс пайда болды. Бұл қаншалықты дұрыс? 

- Дінді үйрету, насихаттау ең алдымен әдептен және білім алудан басталады. Үйренгенін басқаларға үйреткісі келген адам бұл істі қолға алар бұрын дінді үйретуге рұқсаты бар маманмен ақылдасқаны жөн. Себебі, бір нәрсені қате түсініп қалып, мың адамға оны жеткізетін болса, арқалайтыны сауап емес күнәға айналуы мүмкін. Мың адамның өміріне, ұстанымдарына, олардың айналасындағылармен қарым-қатынасына қиянат жасап қоюы әбден мүмкін. Сондықтан, қазіргі таңда көп айтылатын тренд, хайп мәселелерінде дінді қатыстыру өте қауіпті құбылыс.

Алайда егер маман арнайы кәсіби дайындықтан өткен, жетерлік біліктілік пен білімге ие болса, ол өзінің маманданған мәселелері бойынша әлеуметтік желілер арқылы кеңес беруін құптарлық санаймын. Себебі, исламның басты қағидаттарының бірі ол – жақсылыққа шақыру, жамандықтан тию. Бастысы, дәріс жүргізетін маман да өзінің білім шеңберін ұмытпауы қажет, сауалдың қиындығына қарай "білмеймін" деген жауапты бере алуы маңызды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить