699

Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18,5 миллион адамнан асты

Қазақстанда ер адамдарға қарағанда әйелдер көп.
Фотография - Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18,5 миллион адамнан асты Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18,5 миллион адамнан асты, тұрғындардың көп бөлігі – әйелдер, деп хабарлайды Today.kz ресми статистикаға сілтеме жасап. 

Қазақстан ұлттық экономикасы министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, 9 шілдедегі санақ бойынша республикада 18 миллион 510 мың 678 адам тұрады, оның ішінде ер адамдар – 8 968 834, әйелдер – 9 541 845.