"Болашақтың" арқасында анам армандаған Англияда оқып келдім – Абай Отар

Мақалалар
1573
Today.kz Абайдан "Болашақ" бағдарламасына қалай түскені жайлы, бағдарламаның берген мүмкіндіктері туралы сұраған еді.

"Болашақ" халықаралық бағдарламасы талабы таудай талай жасқа жарқын жол ашты. Солардың бірі – журналистика мамандығы бойынша Англияда оқып келген Абай Отар. 

Today.kz Абайдан "Болашақ" бағдарламасына қалай түскені жайлы, бағдарламаның берген мүмкіндіктері туралы сұраған еді. 

– Абай, сәлем! "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып келгеніңді білеміз. Қай мемлекетте, қандай оқу орнында, қай мамандық бойынша оқыдың?

– Мен 2014 жылы "Болашақ" стипендиясын жеңіп алдым. Сол жылы Англиядағы UCL университетінде тілдік курста оқып келдім. Ондағы оқуымды сәтті аяқтаған соң, Leeds университетіне "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша магистратураға түстім. 2016 жылы "Тұманды Альбиондағы" оқуым аяқталып, елге оралдым.

"Болашақ" саған қандай мүмкіндіктер берді? Қандай мүмкіндігі үшін "Болашаққа" алғыс айтар едің?

– Біріншіден, "Болашақ" маған әлем көруге, ілім жинауға көп көмегін тигізді. Мен шалғайда, құм арасындағы ауылда өскенмін. Мектепте жүргенде шетелде оқу өңім тұрмақ, түсіме де кірген емес еді. Алайда "Болашақ" стипендиясының арқасында анам армандаған Англияны көруге, сонда оқуға мүмкіндік алдым. Одан қала берді, әкем мен анамды да сонда ертіп апардым.

Фото -

Абай Отардың ата-анасы Англияда

Екіншіден, "Болашақпен" оқу арқылы білім көкжиегім кеңейіп, көп нәрсеге көзқарасым өзгерді. Бұрын дұрыс деп санап келген кей мәселенің қате екенін ұғындым. Ал бұрын қате санаған әрекеттердің кейбірі дұрыс екеніне көзім жетті.

Үшіншіден, Англияда оқу арқылы әлемнің жастарымен етене араласып, дос табуыма зор мүмкіншілік туды. Мәселен, Джек деген ағылшын досыммен әлі күнге дейін хабарласып, ақпарат алмасып отырамыз.

Төртіншіден және ең бастысы – журналистика туралы теңдессіз білім жинап қайттым

– Университетте сабақты қалай оқыдың? Ол жақтың білім беру жүйесінде қандай айырмашылықтар бар екен? Қай пәнді сүйіп оқыдың? Өзіңе айрықша ұнаған мұғалім болды ма?

– Алғаш университетке түскенде ең басты мақсат – үшке болса да, оқуды аяқтап шығу болатын. Өйткені Англияда жоғары оқу орнында білім алу өте қиын. Жүрдім-бардым сабақ оқысаң, университеттен шығарып жібереді. Сол үшін күндіз-түні кітапханадан шықпай, кітап кеміруге тура келді. Кейін дипломдық жұмыс аяқталған соң, бүкіл жинаған баллдардың қосындысы "бестікке" сәл жетпей қалыпты.

Англияның білім жүйесі бұрыннан қалыптасқан, әбден бекіген жүйе ғой. Онда жыл сайын реформа жасалмайды. Оқуға түскен кезде-ақ қандай емтихан тапсыратыныңды, нені оқитыныңды білесің. Бірақ емтихан кезінде, үй жұмысын интернеттен немесе біреуден көшіруге мүлдем тыйым салынған. Егер плагиатқа тексергенде "ұрлығыңыз" әшкере болса, оқудан шығарып жібереді. Сондай-ақ университеттің кіре берісінде біздегідей тексеру деген атымен жоқ. Қалаған адам емін-еркін кіріп-шыға алады. Айта берсеңіз, мұндай айырмашылықтар өте көп қой.

Маған Мультимедиалық журналистика деген пән өте қатты ұнады. Газет жасау, видео сюжет түсіру, сайттың жұмысы ­– бәрін-бәрін үйрендік.

Мұғалімдердің ішінен талай жыл "БиБиСи" арнасында диктор болған, бізге Журналистика практикасы және саясаты пәнінен сабақ берген Джудит Стампер ұнайтын еді. Тәжірибе мен теорияны тоғыстыра білген оның сабақтарының бәрі қызықты өтетін.

– Шетелдегі екі жылдық өміріңнен есіңде не қалды? Ол Абай мен қазіргі Абайдың айырмашылығы бар ма?

– Англияда мынандай оқиға есте қалған еді. Магистрлікті оқуға жаңа барған кезім. Ұшақтан түсе сала такси ұстаған едім. Жолдан шаршап келгендіктен, бүкіл құжатым мен ақшам салынған сөмкемді таксиде қалдырып кетіппін. Көлікті жолдан ұстағандықтан, оның нөмірі не жүргізушінің аты-жөні есімде қалмапты. Содан үш күн бойы сөмкемді іздеп, Лидс қаласын әбден шарладым. Ақыры үмітім үзілер тұста, такси жүргізушісі бүкіл құжатым мен ақшамды әкеп берді. Сөйтсем, ол үш күн бойы мен іздеген екен. Мен барған адрес картада дұрыс көрсетпейтіндіктен, оған мені табу қиынға соғыпты.

Қазіргі Абай мен Англияда оқыған Абайдың айырмашылығы аз шығар. Алайда осыдан 5 жыл бұрынғы Абай мен қазіргі Абайдың арасы жер мен көктей.

– Көп адам "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқуды армандайды. Осы бағдарламаны жеңіп алу үшін қандай қадамдар жасау керек? Өзің "Болашақ" стипендиясына қалай жеттің?

– Қуанышқа орай, қазір "Болашақ" стипендиясын жеңіп алудың мүмкіндіктері өте көп. 

Ол үшін ағылшын тілін белгілі бір деңгейде білу қажет

Содан кейін қажет құжаттарды жинап, Халықаралық бағдарламалар орталығына өткізесіз. Кейіннен бірнеше кезеңнен тұратын емтихан тапсырасыз. Бары осы. Негізі қатты қиын емес.

Өкінішке қарай, қазір ел арасында "Болашақпен" шенеуніктердің балалары оқиды деген сөз айтылып қалады. Бұл шындыққа жанаспайды дер едім. Өйткені мен секілді стипендияны жеңіп алған ауылдың балалары көп. Сондай-ақ Англияда жүргенде байқағаным, байдың балалары "Болашақты" менсіне бермейді. Себебі стипендияның иегерлері оқуын аяқтағаннан кейін елге келіп жұмыс істеуі керек.

Мен "Болашақ" стипендиясын екінші рет тапсырғанда жеңіп алдым. Әдетте жолым болмаса, сол нәрсеге қайта беттемей қалатын едім. Бірінші рет өте алмай қалған соң, қайта тапсырғым келмей қалған-ды. Екінші рет тапсыруыма қазіргі Денсаулық сақтау министрі Елжан аға Біртановтың айтқан сөзі әсер етті. Сол кісімен әңгімеден кейін қайта тапсыруға шешім қабылдадым. Нәтижесін өзіңіз білесіз.

– "Болашақпен" оқып елге келгеннен кейінгі сезімің қандай болды? Не күй кештің? Жұмысқа қанша уақыттан кейін кірістің?

– Англиядағы оқуым аяқталғаннан кейін өмірімдегі маңызды қадамның бірін жасадым. "Болашақтан" кейінгі болашағымды реттеп алғым келді. Сондықтан жұмысқа тұруға асыққаным жоқ. Үйлендім, жарты жыл ауылда тұрдым. Содан кейін ғана жұмысқа кірістім. Қазір "Егемен Қазақстан" газеті Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарамын. Осы орайда, еліміздің бас газетіне жұмыс істеуге шақырған "Егемен Қазақстан" газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге алғысым зор.

Фото -

Абай жұбайы Арайлыммен 

Шетелден келгеннен кейін елдегі айырмашылықты, кемшілікті, ерекшелікті тез байқайды екенсіз. Мәселен, бізде кезекке тұру мәдениеті мүлдем жоқ екен. Англияда ешкім"кім соңы?" деп мүлдем сұрамайды. Жәй ғана бір қатар кезектің соңына келіп тұра қалады. Ал бізде соңын анықтап алуың қажет. Кейде кезекке бола ұрыс-керіс шығады. 23 жыл Қазақстанда жүріп байқамаған нәрсені 2 жыл шетелде жүріп келіп бірден аңғардым. Мұндай мысалдар өте көп.

– Қазір "Егемен Қазақстан" республикалық басылымында жұмыс істейтініңді атап өттік. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты ірі тұлғалар өткізетін шетелдік маңызды кездесулерде журналист ретінде өзің де жүресің. Осындай іссапарларда есіңде қалған қызықты сәттер бар ма?

– Рас, "Егемен Қазақстанда" жүріп көптеген маңызды жиынға қатысып, шетелдерге іссапармен барып келдім. БҰҰ Бас ғимаратында, ЮНЕСКО-да болдым. Алайда ең есте қалғаны – Ақ үйдегі кездесу. 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми іссапармен барды. Осы сапар аясында Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесті. Жиын аяқталып, бәріміз сыртқа шығып тұрған едік. Трамп біздің Елбасыны шығарып салды. Сол кезде Ақ үйдің гүлдерін суаратын қара нәсілді азамат Трампты айқайлап боқтай жөнелгені. Сөйтсек, соның алдында ғана АҚШ Президентінің қара нәсілділерге қатысты айтқан пікірі Америкада қызу талқыланған екен. Ақ үйде жұмыс істейтін әлгі азаматтың әрекеті Трампқа білдірген наразылығы көрінеді.

Фото -

Суретте Абай журналистермен бірге тұр 

– "Болашақ" стипендиясын иеленгісі келетін талапкерге қандай кеңес айтасың?

– ­Елжан аға Біртановтың айтқан ақылын қайталап беремін. "Білімнің ерте-кеші жоқ. Қартайғанда да ілім іздеуге болады. Жолың болмаса, қайта талпын. Әрекет еткенге берекет бар". 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить