ХҚКО азаматтарға жайлы болуы тиіс – Асқар Жұмағалиев

Мақалалар
1284
Асқар Жұмағалиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жартыжылдық жұмысын қорытындылады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жартыжылдық жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Today.kz.

Кеңес барысында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басшылығы 2019 жылдың алғашқы жартыжылында атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берді. Сонымен қатар, ХҚКО-да қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша, оның ішінде құжаттарды ресімдеу және күту кезінде бұзушылықтарға жол бермеу шаралары да сөз болды.

"Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ және оның аумақтық бөлімшелері басшылығының қатысуымен бейнеконференция форматында өткен кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев кейбір ХҚКО-лардағы үдерістерді тиісті дәрежеде ұйымдастырмағаны үшін қызметкерлерге жеке жауапкершілік жүктелетінін айтып өтті. Сонымен қатар, Министр қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейту және ұзын-сонар кезектерді болдырмау бойынша шаралар қабылдауды да тапсырды. Асқар Жұмағалиев азаматтарға электрондық үкіметтің Telegram-бот @EgovKzBot (25 қызмет қолжетімді) және mGov мобильдік қосымшасы (77 қызмет қолжетімді) арқылы қызметтерді алуды үйретудің маңыздылығын бас айтып өтті. Осымен бірге, аталған қосымшалар арқылы қазақстандықтарға қолжетімді қызметтердің санын одан әрі арттыру қажеттілігі де сөз болды.

"Жергілікті жерлердегі ХҚКО басшыларының міндеті - біріншіден, көрсетілетін қызметті, құжатты күту уақытын барынша азайту және күту залдарын азаматтар үшін жайлы ету; екіншіден,  халыққа сапалы қызмет көрсету бойынша құзыреттілігі мен дайындығын арттыруға персоналды ынталандыру; үшіншіден, қызметкер ХҚКО-ға келушіні одан әрі қандай да бір қызметті онлайн, яғни өз бетінше алуға үйретуі тиіс. Мен шағымдар мен ескертулер бойынша ақпаратты тұрақты түрде алып отырамын және барлық өзгерістердің динамикасын жеке бақылайтын боламын", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Кеңес барысында келушілер мен қызметкерлердің жайлылығы үшін  ХҚКО-ларды жиһазбен, қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандыруға, температуралық режимді сақтауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аудару тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр мемкорпорация басшылығына салғырттық танытып, жұмыстарына тиісті деңгейде атқармай отырған аймақтық құрылымдық бөлімшелердің жекелеген басшыларына сөгіс жариялауды ұсынды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить