"Болашақ" бағдарламасы алдыңнан өте үлкен мүмкіндіктер ашады – Жолдас Өрісбай

Мақалалар
1309
Жолдас Өрісбай Today.kz сайтына аталған бағдарламаны қалай жеңіп алғанын әңгімелеп берген еді.

"Болашақ" бағдарламасы – білімге ұмтылған жастардың шамшырағы іспетті "болам деген баланың бетін қақпай, белін буған" бірегей жоба. "Болашақ" өзге елдермен қоса, аузын айға білеген алпауыт АҚШ елінде де әлемнің түкпір-түкпірінен келген озық ойлы студенттермен теңдей білім алуға мүмкіндік тудырды. 

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жатқан Жолдас Өрісбай Today.kz сайтына аталған бағдарламаны қалай жеңіп алғанын әңгімелеп берген еді. Назарларыңызға ұсынамыз.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша мен АҚШ-ты таңдадым, – дейді Жолдас, – өйткені АҚШ университеттері әлем бойынша ең үздік болып саналады. Мысалы, ең үздік 100 университетті алып қарасаңыз, соның кем дегенде тең жартысы АҚШ аумағында орналасқанына көзіңіз жетеді. Мамандық бойынша университеттер рейтингіне мән берсеңіз де АҚШ университеттері көш бастап түр. Өзім АҚШ-тың Мичиган штатында орналасқан Мичиган штаттық университетінде магистратура оқып жатырмын. Оқу тамыз айында басталады. Университет Michigan State University деп аталады.

Жолдас Болашақ бағдарламасы жайында Алматыда бакалаврда оқып жүрген кезінде естіген.

"Университет бітірген кезде журналистиканың нақты қай саласына баратынымды білмегендіктен, бағдарламаға құжат тапсырған жоқпын. "Болашаққа" тапсырғысы келетін үміткерлерге осы орайда кеңес бере кеткім келеді: Өзіңіз қалаған саланы нақты білмейінше құжат тапсырмағаныңыз жөн. Бұл тұрғыда ең бастысы – жүрек қалауы. "Болашақ" бағдарламасына дайындық барысы қызық әрі қиын болды, түрлі емтихандар тапсырдық. Ең басты емтихан – ағылшын тілін білу деңгейі бойынша IELTS немесе TOEFL емтихандарының сертификаты. Мен соған дайындалдым, содан кейін қазақ тілі, қазақстан тарихы, Қазақстан конституциясы, психология бойынша сынақтан өттік. Соңғы кезеңде комиссия алдында сұрақтарға жауап бердік.

"Болашақ" бағдарламасының грантын жеңіп алу аса қиын демес едім

Өйткені бағдарламаға тапсыратын үміткерлер саны онша көп емес. Мен тапсырған жылы 97 үміткер бақтарын сынады, 97-нің екеуі психологиялық тестен өтпей қалды, 95 үміткер комиссиямен болатын соңғы сұхбатқа дейін жетті. 95-тің 80-іне грант берілді. Сонда бір орынға екі адам да таласып отырған жоқ.

Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт бар. Грант нақты өзінің жоспарын білетін, нақты не үшін Америкаға, болмаса басқа елге оқығысы келетінін студентке беріледі".

Фото -

Жолдастың сөзінше, үздік университеттер тек үздік студентке ғана құшағын айқара ашады.

"Болашақ" бағдарламасы алдыңнан өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемнің үздік университеттерінің бірінде ағылшын тілінде білім алу қазіргі білім мен ғылымның алдыңғы шебінде болуды білдіреді. Осындай мүмкіндікті "Болашақ" бағдарламасы бізге беріп отыр. Университетке түсу тек өз қолыңызда. Үздік университетте оқу үшін біліміңіз де соған сай болуы тиіс. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен бірге оқу білімініңіздің жан-жақты болуына, сыни ойлау қабілетіңіздің артуына зор ықпал етеді".

"Болашақ" бағдарламасын жеңіп алған кезде Жолдас ең бірінші ата-анасынан сүйінші сұраған.

"Әке-шешеме хабарластым. Бірақ ол аса үлкен қуаныш болған жоқ, өйткені тағы бір кезеңнен өтуім керек еді. Ол – университетке түсу. Қазақстанда көп адамдар "Болашақ" бағдарламасын ұтып алды дегенді естігенде университетке түсті деп ойлап қалады. 

Шын мәнінде "Болашақты" ұтып алу деген – оқуға қаражат жеңіп алдыңыз деген сөз, яғни университетке түскен кезде барлық шығыныңызды мемлекет өтеп береді

Ал университеттің өзіне түсу – үлкен процесс. Оған үлкен дайындық қажет. Халықаралық күрделі емтихандардан өтесіз".

Жолдас бізге алға қойып отырған жоспарын да айтып берді.

"Алдағы жоспарым – оқуға көп ден қою. Ертеректе ойлап жүрген жоспарым – ағылшын тілінде толыққанды мақала жаза алатын журналиске айналу болатын. Шетел басылымдарына аналитикалық мақалалар ұсынғым келеді. Оған екі жыл жеткілікті деп ойлаймын. Оқуымның жартысынан көп уақыты кітапханада өтеді деп бекініп отырмын. Содан кейін оқу барысында видео продакшнмен, деректі фильмдер түсірумен, журналистік зерттеумен айналысқым келеді".

Сөз соңында кейіпкеріміз "Болашақ" бағдарламасын жеңіп алғысы келетін талапкерлерге құнды кеңес берді.

"Еш ойланбай алға басу керек. АҚШ-тағы білім беру жүйесі өте жоғары. Америкада мүмкіндік шексіз, кез келген салада саған үлкен мүмкіндіктер беріледі. Мұнда бюрократия, коррупция деген атымен жоқ. Өткен жылы келген кезде бірнеше университеттің сабақтарына рұқсат алып қатысып көрдім. Сабақтары тек практикадан тұрады. Өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді шектемеңіздер. Әсіресе АҚШ университеттері теңдессіз тәжірибе береді". 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить