Қазақстандағы саны ең көп жалдамалы қызметкерлер анықталды

Мақалалар
827
Көш басында мұғалімдер тұр.

Қазақстандағы саны ең көп жалдамалы қызметкерлер орта мектеп мұғалімдері мен бухгалтерлер болып табылады. Бұл туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ мамандары айтты, деп жазады Today.kz

2018 жылы республикада 6,6 миллионнан астам жалдамалы қызметкер тіркелген, олардың 3 миллион 383 мыңы - ер адамдар және 3 миллион 328 мыңы - әйелдер.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының дерегіне сәйкес, мектеп мұғалімдері - ең сұранысқа ие мамандық болып табылады. Белгілі болғандай, әрбір 20-шы жалдамалы қызметкер жалпы білім беретін оқу орындарында жұмыс істейді. Қазақстандық балаларды жалпы саны 352,2 мың адам сауаттылыққа үйретеді.

Кәсіптердің жаппай рейтингісінде келесі орынды бухгалтерлер жалғастырды. Жалақы, салықтар, шығындар мен пайданы 268,2 мың адам немесе әрбір 25-ші жалдамалы қызметкер есептейді.

Үштікті супервайзерлер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері түйіндейді, олар – 256 мың адам.

Жалдамалы қызметкерлердің ең сұранысқа ие мамандықтарының ондығына жеңіл автокөлік, такси және фургон жүргізушілері – 236,6 мың адам; күзетшілер – 219,7 мың адам; кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам; орта медициналық қызметкерлер – 128,8 мың адам; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері – 119,2 мың адам; ауыл және орман шаруашылығының, балық өсіру және балық аулау саласының біліктілігі жоқ жұмысшылары – 113,4 мың адам; жүк автомкөліктерінің жүргізушілері-105,6 мың адам кірді.

Жалдамалы қызметкерлердің жаппай кәсіптері рейтингінің жиырмасыншы орнында "Б" (1) корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері  – 77,5 мың адам орналасты. Отызыншы орынды жарнама, маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар иеленді. Бұл салада 46,4 мың адам жұмыс істейді.

Жалпы саны 33,1 мың адам болатын крандар, көтергіштер, автотиегіштер және осыларға ұқсас жабдықтар операторлары 50-орынға орналасты. Ең сұранысқа ие мамандықтардың жүздігін электриктер мен электро монтаждаушылар (электр беру желісінен басқа) тәмамдайды. Бұл жұмыс түрімен 15,9 мың жалдамалы қызметкер айналысады.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить