Еңбек министрлігі түсіндіреді: Қалай жұмысқа тұруға болады

Мақалалар
1508
"Жас кәсіпкер" жобасы аясында жас азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.

Қарапайым халық үшін жұмысқа орналасу және жеке кәсіп ашу қашанда өзекті мәселелердің бірі. Жұмыссыз жандардың бәрі өз бетімен жұмыс табуға қауқарсыз. Ал ерекше идеямен кәсіп ашып, оны іске асыруға ниетті адамдарға қолдау қажет. Бұл ретте елімізде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері мен бүгінгі таңдағы нәтижесі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаевтан сұрап көрдік.

- Ержан Жұматұлы, жалпы "Еңбек"  бағдарламасының атауынан-ақ аңғарып отырғанымыздай, ең басты мақсат халықты еңбекке тарту екендігін түсіндік. Қазіргі таңда осы бағытта қандай жұмыстар жүзеге асып жатыр?

- "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Оның басты мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінгі таңда бағдарлама жұмысы төрт бағыт бойынша жүріп жатыр.

Біріншісі - тұрғындарды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл бағыт ТжКБ ұйымдарында стипендиямен оқыту және мамандық маңызын жоғалтқан жағдайда қайта оқуға ниетті азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік білім беру секілді екі бөліктен тұрады.

Екінші бағыт - азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау негізінде 5 жылға дейін 20 млн теңгеге дейін шағын несие беру, сондай-ақ 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру. Алайда бұл мүмкіндіктерді пайдалану үшін "Бастау Бизнес" жобасы аясында оқу курсынан өту қажет.

Үшінші бағыт - азаматтардың жекелеген санаттары бойынша арнайы субсидияланған жұмыс орындарын ашу. Бұл дегеніміз - қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру. Бұдан басқа, азаматтардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шарасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы бойынша биылдан бастап мемлекеттік бағдарламаға "Жас маман" және "Жас кәсіпкер" жобаларынан тұратын "Жастар - ел тірегі" жаңа бағыты қосылды. "Жас маман" жобасы - оқу орындарының мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жастардың мамандық алуына бағытталса, "Жас кәсіпкер"  жобасы аясында жас азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.

- Мемлекеттік бағдарлама аясында азаматтар басқа өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие екені көпке белгілі. Бұл бағыт қаншалықты жемісті жүзеге асып жатыр?

- Биыл біз оңтүстіктен солтүстікке 9 614 адамды көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұл - шамамен 2,5 мың отбасы. Қазіргі уақытта 1 650 отбасы яғни, 5 918 адам толықтай көшірілді. Оның ішінде 1,9 мың адам жұмысқа орналасып, 36 адам оқуға жіберілді. Сондай-ақ 96 адам жаңа тұрғылықты жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысуда. Бағдарламаға қатысушы отбасының әр мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Мемлекет есебінен тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді өтеу бойынша шығындар төленеді. Төлем сомасы отбасы мүшелерінің құрамы мен санына, көшетін жеріне (қала немесе ауыл) байланысты жалпы алғанда 38-76 мың теңге аралығында болады.

Сонымен қатар бүгінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларды Павлодар облысына көшіруге бағытталған «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба - тұрғын үймен қамтамасыз етуді және еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздейді. Бүгінгі таңда Астанадан Екібастұз қаласына 1 166 адамнан тұратын 203 отбасы қоныс аударды. Осы қоныс аударушылар қатарындағы 88 адам жұмысқа орналасты.

Фото -

– Дәл осы мемлекеттік бағдарлама туралы толық мәліметті қайдан алуға болады? Көпшілік қауым өзін қызықтырған сұрақтарға қандай орталықтардан жауап ала алады?

–  Азаматтар мемлекеттік қолдаудың қай түрін алғысы келсе де, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Еліміз бойынша республикалық маңызы бар қалаларда, облыс және аудан орталықтарында 200-ге жуық халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарлама туралы толық ақпарат БАҚ-та кеңінен жарияланады.

Атап айтсақ, республикалық және жергілікті телеарналарда жүгіртпе жолдар арқылы берілсе, газеттер мен журналдарда арнайы мақалалар жарық көреді. Оған қоса семинарлар ұйымдастырылып, брошюралар мен флаерлер таратылып, видеороликтер дайындалады. Сол арқылы қайда барып, қайда жүгіну керектігі, құжаттарды ресімдеу жолдары туралы қажетті ақпарат алуға болады.

Тағы бір ақпарат көзі ретінде әлеуметтік желі арқылы трансляция жүргізуді де айтсақ болады. Себебі, осы тақырыптағы барлық сұрақтарға азаматтар сол жерден де жауап ала алады. Сонымен қатар қажетті ақпараттарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz веб-сайты, prz.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша және 1411 нөмірі арқылы да қол жеткізе алады.      

Тағы бір айта кететін жайт, бұдан былай жұмыспен қамту орталықтары қолдау сұрап келетін азаматтарды күтпей, жұмысқа орналасуға, көмекке мұқтаж азаматтарды өздері іздей бастайтынын ескерте кеткен жөн.

- Жұмыссыздықпен күресудегі отандық тәжірибені қаншалықты табысты деп айта аламыз?

- Біз "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы нөлден басталды десек қателесеміз. Себебі ең алғашқы жұмыспен қамту бағдарламасы 2011 жылы қабылданды. Ол бірнеше рет қайта құрылып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ атауы да өзгерді. Соның нәтижесінде қазіргі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды.

Кедейлік пен жұмыссыздықты жеңудің бірнеше жолы бар. Ең бірінші әдіс - жәрдемақы бөлу. Алайда бұл адамдардың өз бетімен жұмыс іздеу талпынысын төмендетеді. Мысалы, 90-жылдардың ортасында адамдар жәрдемақы алу үшін арнайы еңбек биржасына тіркелгенін айтсақ болады.

Біз айтып отырған бағдарламаның, жалпы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формаларын қолдану адамдарды жұмысқа ынталандыруға бағытталған. Мемлекет білім алуға жағдай жасап, жұмысқа орналасу мүмкіндігі әлсіз және еңбекке қабілетті төмен азаматтардың жекелеген санаттары үшін арнайы жұмыс орындарын құрады. Олардың жұмысқа өзі орналасуы үшін немесе несие беру арқылы кәсіпкерлікпен айналысуға, тіпті болмаса қайта оқуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі мемлекеттік бағдарламаның табысы туралы айтатын болсақ, отандық еңбек нарығындағы тәжірибе жұмыссыздық көрсеткішін төмендетіп, осы көрсеткішті тұрақты ұстап тұруға ықпал етті. Қазіргі таңдағы көрсеткішпен есептегенде елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайды.

- Әрине, бұл тәсілді оңтайлы деп атауға болады. Себебі мемлекет жұмыспен қамтамасыз етіп, жаңа мамандық алуға, тіпті өз ісіңді бастауға мүмкіндік береді. Осы ретте шағын несие алу үшін қандай талаптар қойылатынын да айтып өтсеңіз.

- Бірінші кезекте шағын несиені рәсімдеу үшін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтуға қабілеті төмен азаматтар өтініш бере алады. Мысалы, ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз азаматтар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар шағын несие алуға келетін кездер болады. Тіпті кейде жеке өз зауыты бар кәсіпкерлер де келіп жатуы мүмкін. Әрине, біз жұмыссызға, шағын кәсіпті енді бастап жатқан азаматқа қолдау көрсетеміз. Одан кейінгісі ол азаматтың жұмыс жасауына байланысты.

Бүгінгі тәжірибе 100 адамның тек 80-і ғана табысты кәсіпкер бола алатынын көрсетіп отыр. Бәрі де кәсіпкерліктің қыр-сырын толық игеріп келмесі анық. Сол үшін шағын несие алуға ниетті жандар ең алдымен 24 күн "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқиды.

Жаңа бастап жатқан кәсіпкерді оқыту да біздің жұмысымыздың бір бөлшегі. Бүгінде 15 мың адамның 11 мыңы оқуды сәтті аяқтады. Осы ретте оқу курсынан өтіп қана қою жеткіліксіз екенін айтқым келеді.  Яғни, жобаның өміршеңдігін, жалпы қоғамға пайдалы екенін дәлелдеу қажет. Содан соң ғана шағын несие алуға қадам жасалады.

Қазіргі уақытта шағын несие беру шартын кеңейтіп жатырмыз. Мәселен, әуел баста жылына 3 мыңға жуық адам шағын несие алса, өткен жылы 14 мыңға дейін артты. Ал биыл бұл көрсеткіш 19 мыңға дейін өсті.  Егер сұраныс болса, мемлекет одан әрі қосымша қаржы бөлуге және кредит беру бағдарламасын кеңейтуге дайын.

– Мемлекеттік бағдарламаны 2021 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған. Осы уақыт аралағында қандай нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырсыздар?

Еңбек нарығының статистикасы - қатып қалған саннан тұрмайды. Егер биыл 300 мың адам жұмысқа орналасса, логикалық түрде жұмыссыздар саны 300 мың адамға азайуы керек. Алайда бұлай болмайды. Неге? Себебі жыл сайын қанша адам жұмысқа орналасса, еңбек нарығына шамамен сонша адам келеді.

Қарапайым ғана мысал, жыл сайын 250 мыңға жуық студент университет бітіреді. Бұл дегеніміз - жаңа жұмыс күші. Тиісінше, оларда жұмысқа орналасуы қажет. Сонымен қоса жыл сайын шамамен 150 мың әйел декреттік демалысын аяқтайды. Сырт елдерден келіп, жұмысқа орналасатындар тағы бар. Әрине, декреттік демалысқа,  зейнетке шығатын жандардың әсерінен бос жұмыс орындары пайда болары анық. Бірақ көп жағдайда жұмыс орындары жаңа жұмыс күшінің пайда болуынан сәл артта қалады.

Қазір біз үшін жұмыссыздық көрсеткішін көтермей ұстап тұру маңызды. Сонымен қатар жақын арада 370 мың қазақстандықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить