Латын әліпбиіндегі оқулықтарды енгізу бағдарамасының жобасы талқылануда – Омаров

Мақалалар
1566
Бүгінгі таңда оқулықтардың салмағы нормативтерге сай.

Білім саласындағы реформалар, келешекте әліпбидің латынға көшуі, пәндердің кіріктірілуі көпті алаңдатып отыр. Оның да себептері жоқ емес. Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан да жасұрпақтың сапалы білім алуы ең өзекті мәселе болып отыр. Ал білім алу сапасы оқулықтармен тікелей байланысты екені жасырын емес. Сол себепті, бүгінде, мектеп оқулықтарына қатысты мәселелер өзектілігін артуда. Осы орайда, Тoday.kz порталының тілшісі көпшілікті мазалап жатқан сұрақтарды "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Саят Омаровқа қойып көрді.

- Саят Құсаинұлы, 2020-2021 оқу жылдарына бірінші сыныптардың оқулықтары латын әліпбиімен басылып шығады деп жоспарланған. Жоспар бойынша 2020-2021 оқу жылдарына бірінші сыпныптардың оқулықтары латын әліпбиімен басылып шығуы тиіс болатын. Осы бойынша дайындық жұмыстары бастылды ма?

- Латын әліпбиімен бірінші сыныптардың оқулықтарын 2021-2022 оқу жылы ендірілуі болжанған болатын. Бұл шара  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізінде іске асырылатын болады. Қазіргі кезде аталған Бағдарлама жобасы талқылануда.

- Әлі күнге дейін көптеген ата-ананы балаларының ауыр сөмке арқалаудан қашан құтылатыны мазалайды. Бұрынғымен салыстырғанда оқулықтар біршама жіңішкеленгенімен дәптерлерін қосқанда, сөмкелер әлі де ауыр. Осы мәселенің шешімі электрондық оқулықтармен байланыстырылған еді. Былтыр пилоттық режимде еліміздің бірнеше аумағында электрондық оқулықтарды сынақтан өткізді. Олардың нәтижелері қалай болды? Бүкіл Қазақстан мектептерінде электрондық оқулықтар қашан енгізілетін болады?

- Қолданыстағы гигиеналық нормативтер бойынша 1–4 сынып оқушыларына арналған оқулықтардың салмағы 300 граммнан;
5–6 сыныптар үшін 400 граммнан; 7–9 сыныптар үшін 500 граммнан; 10–12 сыныптар үшін 600 граммнан аспауы керек. Алайда оқу басылымының салмағын 10%-дан асырмай көбейтуге жол беріледі. Мысалы, 1–4 сынып оқушыларына арналған оқулықтардың салмағы 330 граммға дейін болуы мүмкін. Бүгінгі күні бұл нормативтер сақталады.

Сонымен қатар 2018 жылы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Денсаулық сақтау министрі Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға толықтыру енгізілді. Осы талаптарға сәйкес  1-3-сыныптардың білім алушылары үшін оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) салмағы  – 1,5-2,0 килограммнан;

4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 килограммнан;

6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 килограммнан;

8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 килограммнан аспауы тиіс.

Оқушы сөмкесінің ауыр болуы көп жағдайда оның ішіне қосымша аяқ-киім, су және тағы да басқа заттар салынумен де байланысты. Оның үстіне оқушы сөмкесінің өзінің де салмағы ауыр болып жатады.

Оқушы сөмкесі салмағын жеңілдету мәселесін электронды оқулықтар байланыстырғанда келесіні ескеру керек. Электронды оқулық пен қағаз оқулықтың электронды нұсқасы арасында үлкен айырмашылық бар. Электронды оқулық дегеніміз оқу басылымының жеке бір түрі. Мұндай оқулықтарды оқыту процесіне жаппай ендіру шешімі күрделі үлкен мәселе. 

Бүгінгі күні 1-3, 5-8 сыныптарға арналған қағаз оқулықтардың электронды нұсқалары министрлік сайтында орналастырылған. 4, 9 және 10 сынып оқулықтары қазан айында орналастырылатын болады. Осындай  электронды нұсқадағы оқулықтарды пайдалану оқушы сөмкесін жеңілдетуге өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

 - Оқулықтырмен қамтамасыз ету мәселесі қалай болып жатыр? Еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептер оқулықтар мен жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етілді ме?

- Оқулықтармен қамтамасыз ету  жергілікті атқарушы органдардың құзырына жатады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2019 жылы білім беру ұйымдарына оқулықтар жеткілікті деңгейде сатып алынған.

- Әлеуметтік желіде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің бір оқулыққа біріктірілгені талқыланған болатын. Сіздің пікіріңізше, желі қолданушылардың алаңдаушылығы орынды ма? Жоқ әлде бір кітап маңызды екі пәнді қамти алады ма?

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндері жеке оқытылады. Орта білім мазмұнын жаңартуға байланысты оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі "Қазақ тілі мен әдебиеті" және қазақ тілінде жүргізілетін мектептердегі "Орыс тілі мен әдебиеті" пәндері кіріктіріліп оқытылады. Бұл аталған пәндерді оқыту әдістемесінің өзгеруіне байланысты. Егер бұрын Қазақ тілі пәнін оқыту грамматикаға негізделсе, жаңартылған бағдарлама бойынша тілді оқыту тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларына негізделген.

Оқулықтағы тапсырмалар  қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыруға және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйретуге бағытталған. Осы мақсатта оқулықта грамматикалық материал көркем әдебиеттен алынған мәтіндер негізіндегі лексикалық тақырыптар арқылы оқытылады. Бұл әдіс сөздік қорды үздіксіз дамытуға, қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамытуға,  шығармашылықпен жұмыс істеуді үйретуге мүмкіндік береді.      

- Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулықтардағы кемшіліктерді сынға алып, оларды тексеру үшін кәсіби сарапшыларды дайындау қажеттігін айтып кеткен. Осы мәселе шешімін тапты ма?

- Оқулықтарды сараптау жұмысына ғалымдар мен жоғары білікті мұғлімдер, әдіскерлер қатысады. Бүгінгі күні сарапшылардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020, 2021 жылдары 1000 сарапшыны осындай курстардан өткізу жоспарланып отыр.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить