ЭКСПО-2017-ге қатысатын қолөнер шеберлері іріктелді

Фотография - ЭКСПО-2017-ге қатысатын қолөнер шеберлері іріктелді

Осы мақсатта ұлттық қолөнерді дамыту мен жаңғырту ісі жүзеге асып жатыр

543 0

Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Бұл – Елбасы жолдауында айтылған негізгі міндеттердің бірі. Осы мақсатта ұлттық қолөнерді дамыту мен жаңғырту ісі жүзеге асып жатыр.

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын қолөнер шеберлері іріктелді. Енді оларға қолдау көрсетілетін болады.

Қазақ халқының тарихы тереңде жатқан ұлттық нақыштағы өнер туындылары әлем халқының назарын аударуда.

Айнагүл Қуанғалиева – он саусағынан өнер тамған шебер. Оның ұлттық нақыштағы түрлі қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысқанына – 20 жыл. Алғашында қызығушылықпен жасаған кәдесыйлары қазір нағыз табыс көзіне айналды.

Айнагүл ҚУАНҒАЛИЕВА, қолөнер шебері:

- Мен жасаған кәдесыйларда қазақ халқының ақ ниетін көрсеткім келеді. Басқа халықтар менің кәдесыйларыма тамсана, қызыға қарайды.

Көрмеге 20-дан астам қолөнер шеберлерінің ағаштан, күмістен, киіз бен бағалы тастардан жасалған бұйымдары қойылған. Әсіресе, Ерболат Қарабдаловтың саз балшықтан жасаған құмыралары, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрді қайта түлеткендей.

Ерболат ҚАРАБДАЛОВ, қолөнер шебері:

- ЭКСПО-ны біздің Қазақстан жеңіп алғанына біз ұсталар атынан өте қуаныштымыз. Бұл Қазақстанда бір керемет дүниенің бірі болайын деп тұр. Әлемдегі жаңалықтың бірі десек те болады. Қазақтың қолөнерін шетелдік туристерге көптеп көрсете аламыз.

Гауһар МҰХАМЕДИНОВА, қала тұрғыны:

- Көрмеде қойылған көрнекілер –  қазақтың ежелгі, ескі дәстүрге қолданып келе жатқан бұйымдарымыз. Керегенің басында қыстырулы тұрған ою-өрнекті көрдім. Ол қазақ халқының ежелден, ертеден дамыған мәдениеттерін көрсетеді.

Қолөнер бұйымдарының жоғары  көркемдікпен орындалуы, авторлық дүниелердің бірегейлігі – ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесіне қатысушыларды іріктеудің басты шарты.

Түгелбай БЕКБЕРГЕНОВ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығы:

- Туризмді дамыту үшін қолөнерді, өнімдерді, шеберханаларды қалай ұйымдастыру керек, шеберлерге қандай көмек жасау керек деген секілді ұсыныстар дайындалып жатыр. Жүйелік жобалар жасалып жатыр.

Виталий АЛЕКСАНДРОВ, «Has Sanat» мәдениетті дамыту ұлттық қоғамдық қорының вице-президенті:

- Мен ЭКСПО-2017 көрмесін теңдесі жоқ жоба ретінде санаймын. Ол Астананың дамуына, болашақтың қаласына айналуына септігін тигізеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бірқатар қолөнерші өз ісін ашты. Дегенмен көненің көзі қолөнер саласын дамытып, халықаралық нарыққа шығару – еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. 


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!