Меккеде Пайғамбар өмірінен сыр шертетін мұражай ашылды

Фотография - Меккеде Пайғамбар өмірінен сыр шертетін мұражай ашылды

 Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің muslim.kz сайты хабарлайды

142 0

Жақында «Пайғамбарым, Саған игілік жаусын!» деп аталатын мұражай ашылды. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің muslim.kz сайты хабарлайды.

Мұражайда 1500-ге тарта жәдігер қойылған. Олардың арасында сол дәуірдегі Мекке мен Мәдина үйлері, сахабалардың тыныс-тіршілігі,  майдан даласындағы  соғыс  қимылдарының шағын көшірмелері бар. Сондай-ақ, сауыт-сайман мен қару-жарақ түрлері, жауынгердің киім үлгілері де жәдігерлердің қатарынан орын алған. Сонымен қатар, онда пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) мен саңлақ сахабалардың тұрған үйлерінің де макеті  қойылған.

Мұражай жаңа технологиямен жабдықталған. Келген қонақтар плазмалық экран арқылы Мекке мен Мәдина қалаларының көрінісін және Алла Елшісі Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) шежіресін тамашалай алады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!