Тұманбай Молдағалиевтің «Жүрегімнің сөзі» атты жыр жинағына ақынның жарияланбаған өлеңдері енген

Фотография - Тұманбай Молдағалиевтің «Жүрегімнің сөзі» атты жыр жинағына ақынның жарияланбаған өлеңдері енген

Қазақ поэзиясында сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты, Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлығының иегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің артында өшпес мұра, сарқылмас қазына қалды

202 0

Қазақ поэзиясында сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты, Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлығының иегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің артында өшпес мұра, сарқылмас қазына қалды.

Алматы қаласындағы «Мирас» баспасынан ақынның «Жүрегімнің сөзі» атты жыр жинағы жарық көрді. Онда қаламгердің бұрын жарияланбаған, өмірінің соңғы мезгілінде жазған өлеңдері енген. Бұл кітапқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым Академиясының академигі Серік Қирабаев алғы сөз жазған.

Кітаптың жарық көруіне қазақтың белгілі ұлтжанды азаматы, әдебиет жанашыры Серік Үмбетов қолдау жасаған. Редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Нұрғисаев. Ақынның өлеңдерін жинап, баспаға дайындаған Тұмағаның аяулы жары Күлтай Қасымова.

«Бұл кітап қазақ поэзиясын сүйіп оқитын оқырмандарға сый ретінде шығып отыр. Тұманбай ағамыздың өлең жазбайтын күні болмаған шығар. Артында қандай мұра қалды екен, көзі тірісінде жарық көрмеген өлеңдері бар ма екен оймен Күлтай апамызбен және белгілі жазушы ағамыз Бексұлтан Нұржекеевпен  ақылдасып, ақынның өнер жолындағы мұрасына зер салып едік, жарияланбаған өлеңдері көп екен. Кітаптың тез арада жарық көруіне ықпал еткен азаматтың бірі - Серік Үмбетов. Біздің ұсынысымызды бірден қолдап, ақын кітабының оқырман қолына жетуіне атсалысты. Сәуле Қабылдинова басқаратын «Мирас» баспасы жыр жинақтың тез арада шығуын қамтамасыз етті. Кітаптың барлық данасы Күлтай апамызға табыс етілді»,- деді кітаптың редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Нұрғисаев.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!