Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты

Фотография - Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты

 Жерар Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты.

119 0

Таяуда ғана Ресей Федерациясының азаматы болған танымал француздық актер Жерар Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты.

Мордовия астанасына сапар барысында актерға мәдениет министрінің лауазымы ұсынылды. Депардье ол «әлем мәдениетінің министрі» болып табылатындығын алға тартып, бұл ұсыныстан бас тартты.

Саранскіде Депардье Емельян Пугачевке бүтін Ресей бойынша орнатылған жалғыз ескерткішті барып көрмек. Айта кету керек, ресми сапар кезінде актерға Мордовия азаматының символикалық төлқұжаты табыс етілді. Республика басшысы Владимир Волков Ресейдің жаңа азаматына пәтер мен жекеменшік үйді сыйға тартпақ ниетте. Белгілісі, Депардье Саранскіде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрып үлгерді.

Еске салайық, актер Францияда бір жылда бір миллион еуродан астам нәпақа табатындар үшін табыс салығы 75 пайызға дейін артқаннан кейін, өзінің азаматтығын өзгертетіндігі туралы мәлім етті. 3 қаңтар күні Путин актерді РФ-ның азаматтығына қабылдау туралы қаулыға қол қойды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!