«Пидің өмірі» халықаралық прокатта көш бастады

Фотография - «Пидің өмірі» халықаралық прокатта көш бастады

Соңғы деректер бойынша оның кассалық түсімі 400 миллион долларға жеткен

175 0

«Пидің өмірі» фильмі халықаралық прокатта жақсы жетістіктерге жетуде. The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, кинокартина «Хоббитті» бірінші орыннан ығыстырып, прокатта көш бастап тұр.

Соңғы деректер бойынша оның кассалық түсімі 400 миллион долларға жеткен.

«Пидің өмірі» режиссер Энг Лидің карьерасындағы ең табысты фильм болып отыр. Қызық оқиғалы драма өткен демалыс күндері ұсынылған сегіз нарықтың жетеуінде көшбасшылық орынға шықты.

Айта кетелік, фильмнің өндірістік бюджеті 120 миллион долларды құрайды. Осылайша, қазірдің өзінде оның әкелген пайдасы өз-өзін толықтай ақтады деп сеніммен айтуға болады.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!