Астанада «Көшпелі суретші көзімен» атты көрме өтті

Фотография - Астанада «Көшпелі суретші көзімен» атты көрме өтті

Осындай атаумен Астанада өтіп жатқан көрмеге фотожурналист Жанарбек Аманқұловтың 55-тен астам картиналары қойылды

276 0

«Көшпелі суретші көзімен». Осындай атаумен Астанада өтіп жатқан көрмеге фотожурналист Жанарбек Аманқұловтың 55-тен астам картиналары қойылды.

Фотосуреттерде негізінен көшпенді дала мәдениеті бейнеленген. Сонымен қатар,

Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов сынды белгілі қайраткерлердің портреттері қойылған. Әсіресе, автордың Ұлы Отан соғысы қорғаушыларына арнаған еңбегі көпшіліктің көңілінен шықты. Фотосуретшінің шығармашылығын дамытуға Париж, Ереван елдерінде жинақтаған тәжірибесі септігін тигізді.

Зейнегүл НҰРАХМЕТОВА, экскурсия жүргізуші:

- Жанарбек Аманқұловтың еңбектері қойылған көрме Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір айға созылған шараны тамашалау үшін еліміздің әр аймағынан көптеген өнертанушылар келді. Жалпы мұндай көрмелердің мәдениетті дамытуға үлесі зор.


Тегтер:

сурет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!